• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

АЭЖБУ ХАБАРШЫСЫ

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ» ғылыми-техникалық журналы 2008 жылдан бастап шығарыла бастаған және «Алматы энергетика және байланыс университетінің» Коммерциялық емес АҚ мерзімдік басылымы болып табылады.
Журнал 2013 жылдан бастап «Физика-математика ғылымдары» және «Техникалық ғылымдар мен технология» бөлімдері бойынша  (ҚР БжҒМ білім және ғылым саласын бақылау Комитеті басшысының 2012 жылдың 10 шілдесіндегі №1082 бұйрығына қосымша) ғылыми қызметтердің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласын бақылау бойынша Комитет ұсынған ғылыми басылымдардың тізіміне кірген.
«АЭжБУ хабаршысы» журналы жылына 4 рет шығады (тоқсан сайын). Жинаққа жазылуды «Қазпочта» АҚ газет және журналдар каталогы және тікелей мақала авторлары мен басқа да қызығушылық танытушы тұлғалардың адрестік редакциялық таратылымдары бойынша рәсімдеуге болады. Журналдың негізгі тақырыптартық бағыттары – электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника және байланыс, автоматика, ақпараттық технологиялар, экология, өндірістік қауіпсіздік, экономика салалары бойынша, фундаменталды және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, жоғары білімдегі инновациялар.
  • image
  • image
  • image

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Мақалаларды қабылдау шарттары

Мақалаларды қабылдау шарттары
  1. Мақалалар үш тілдің бірінде: қазақ, орыс, ағылшын – ашық баспада жариялауға рұқсат етілген, жұмыс орындалған мекеменің ұсынуымен (сараптамалық қорытынды) қоса ұсынылады. АЭжБУ қызметкерлерінің мақалалары кафедра мәжілістерінде талқыланып, кафедра меңгерушілерінің қолы қойылған ұсыныспен беріледі.
  2. Мақала 7.5-98 Мемлекеттік стандартқа сәйкес рәсімделеді және мәтіннің әр бетінде төменгі оң бұрышта авторлардың қолы қойылады. Қолжазбаның ұсынылатын көлемі әдебиетті, кестелерді және суреттерді қоса алғанда 6 беттен аспауы қажет.
Материалдарды баспалық рәсімдеу элементтерінің тізбегі төмендегідей:
  1. Мақала мәтіні Times New Roman Cyr, № 12 кегль қарпімен Word ортасындағы бірлік интервалда, полясы – жоғарғы және төменгі жағы – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см, азат жол қадамы –1,0 болып теріліп, электронды және қағаз нұсқада ұсынылады
  2. Жоғарғы сол жақ бұрышына ҒТАМР (ҒТАМР – Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы) қойылады.
-бірінші жол, ортаға – авторлардың аты-жөндері (қою шрифт, 12 кегль);
-екінші жол, ортаға – жұмыс жасалған ұйым атауы, қала, ел (қарапайым шрифт, 12 кегль);
-үшінші жол, ортаға – (жариялап отырған материалдың) мақаланың атауы (бас әріптермен, жартылай қою шрифтпен 12 кегльде);
-Аңдатпа (100-150 сөз, жарияланып отырған материалдың тілінде беріледі, 11 кегль);
-Кілт сөздер (шамамен 6 сөз немесе 3-4 сөз тіркесі, 11кегль);
-Мақала мәтіні (қарапайым шрифт, 12 кегль);
-ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ (7.1-2003 МЕМСТ-қа «Библиографикалық жазба, библиографикалық сипаттама. Жазудың жалпы талаптары мен ережелері» сәйкес болуы керек (12 атаудан көп емес);
-Басқа МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ үшін шетел тілінде әдебиеттердің бар жоқтығына қарамай, орыс тілді бөлікте берілген әдебиеттер тізімін қайталай отырып, әдебиеттер тізімі ағылшын тілінде (References) толықтай жеке блок ретінде беріледі. Соңында мақала қай тілде жазылғаны көрсетіледі;
-Мақала әдебиеттерінің толық тізімі латын транскрипциясында болуы қажет (егер көрсетілген дерек көзінің ағылшын тіліндегі түпнұсқасы жоқ болса, онда аударма орнына транслитерациясын қолдану ұсынылады);
-100-150 сөзден тұратын мақала тілінен басқа екі тілде аңдатпа жазылады. Беттің ортасына: 1) мақала атауы; 2) авторлар; 3) ұйым атауы; азат жолдан – Аңдатпа (12 кегль), содан кейін – Кілт сөздер (11кегль).
  1. Суреттер және кескіндемелер, оларға сілтеме жасалған соң, қысқартусыз мәтін бойынша орналастырылуы қажет, мысалы: «1 сурет – Атауы (сурет астында)». Суреттер Paint (Painbrush) режімінде орындалады. Кескіндемелер, диаграммалар, гистрограммалар – 300dpi кем емес рұқсатпен Microsoft Excel режімінде. Математикалық, физикалық және басқа белгілер мен формулалар (Microsoft Equation) – формулалар редакторы режімінде, көлбеу қаріппен теріледі және ортасына орналастырылады. Формула нөмірлері беттің оң жақ шетінде дөңгелек жақшаларға қойылады.
Жоғарыда қойылған шарттар мен талаптарға сәйкес келмейтін немесе көрсетілген уақыттан кеш жіберілген материалдар қабылданбайды.

 

 Некоммерческое акционерное общество «Алматинский университет энергетики и связи»
050013, г.Алматы, ул.Байтурсынова, 126
ИИК KZ608560000000005121 в АО «Банк ЦентрКредит», г.Алматы
БИК KCJBKZKX
БИН 030 640 003 269
КБЕ 17, КНП 851
Копия квитанции или платежного поручения представляется в редакционный отдел журнала или высылается по электронной почте (vestnik08@mail.ru)