• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық департаментi

Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?

Білім алушылар мен зерттеуші оқытушылардың (оқу немесе өндірістік практикадан өтуін қоса алғанда) белгілі бір академиялық кезеңге, әдетте бір семестрге немесе оқу жылына, оқу немесе ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде не шетелге) жіберу игерілген білім беру бағдарламалары белгіленген тәртіпте өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта есептелінеді.
Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлыққа университет студенттерін шетел университеттерінде, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарды шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде оқыту жатады.
Ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлыққа университет студенттерін , магистранттары мен докторанттарын Қазақстандағы білім беру немесе ғылыми мекемелерін оқыту жатады.
Халықаралық қызмет пен ынтымақтастықты жүзеге асыруды Халықаралық қатынастар бөлімі жүргізеді.
-Академялық ұтқырлық концепциясын ілгерілету және Болон үрдісінің негізгі көрсеткіштерін орындау.
-Университеттің халықаралық беделін жоғарғы кәсіби және ғылыми орталық ретінде көтеру; заманауи талаптар деңгейінде университеттің білім беру және ғылыми қызметінің сапасын қамтамасыз ету; білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
-Ғылыми кеңес пен Ректорат анықтаған мақсаттарға сәйкес Университеттің халықаралық қызметін ұйымдастыру.
-Университеттің халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы саясатын құру және жүзеге асыруға катысу.
-Университеттің халықаралық университеттер арасындағы ассоциациялар мен өзге ұйымдарға қатысуын ұйымдастыру;
-Халықаралық байланыстар мен қатынастар саласындағы Университеттің қызметін есепке алу, саралау, ақпараттандыру және ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
-Оқытушы-прфессорлық құрамды халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастыққа қатынасуға тарту;
-Факультеттер, кафедралар мен басқа да университеттің құрылымдық бөлімшелерінің шетелдік серіктестермен халықаралық ынтымақтастығын координациялау, университет бөлімшелері мен қызметкерлеріне ағымдық кеңес беру және т.б. көмек көрсету; білім беру және ғылыми қызметтерге гранттар мен шәкіртақылар ұтып алуға жәрдемдесу;
-Университетте шетелдік оқытушылардың жұмысын ұйымдастыруға атсалысу;
-Шетелде студенттер, магистранттар мен докторанттардың білім алуы мен оқытушылар мен қызметкерлердің тағылымдамаларын ұйымдастыру;
-Университетке үкіметаралық және университет аралық келісімдер бойынша және жеке тәртіпте келген шетелдік білім алушылар мен оқытушыларды миграциондық есепке алу;
-Әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттермен, стипендиалды бағдарламалармен, білім беру-ғылыми ұйымдармен тиімді және берік байланыстар іздеу, орнату, дамыту.
-Жаңа халықаралық білім бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іздеу, ақпарат тарату, білім алушылар мен ОҚП, қызметкерлерге кеңес беру. Шетелдік академиялық және ғылыми ұйымдармен шарт жасасуға көмектесу..
-Білім-алушылар мен ОҚП, университет қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру;
-Шетелдік ЖОО-мен қос дипломды білім беруді дамытуға көмектесу;
-Университетті халықаралық форумдарда, білім жәрмеңкелерінде таныстыру.
Академиялық ұтқырлық аясында шетелге оқуға жіберілетін студенттерді іріктеу критерийлері:
Жоғары академиялық үлгерім
Қабылдаушы оқу орнының тілін немесе ағылшын тілін жетік білу.
Қабылдаушы  жоғары оқу орнының оқу бағдарламасымен сәйкестігі
Қабылдаушы жоғарғы оқу орнының келісімі.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қаржыландырылуы:
Ұлттық жобалар шеңберіндегі бюджет қаражаты
Университет бюджетінен тыс қаражат
Қабылдаушы тараптың қаражаты
Халықаралық ұйымдардың гранты: Эразмус +, Британдық Кеңес, USOS
Академиялық ұтқырлық қатысушыларын жеке қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.

 

Қалыпты шығындарға сәйкес бюджет қаражаты келесі шығындарды өтейді:
Барып-қайту әуе билеттерін сатып алуды,
визаны рәсімдеуді,
медициналық сақтандыруды
орналасу шығынын.
 

Белосток техникалық университеті

Университет Польшаның солтүстік-шығысындағы ең ірі қалада- Белосток қаласында орналасқан, Солтүстік Подлязи жазығының Белосток төбесінде, бұл аймақ сонымен қатар Польшадағы жасыл өкпелер деп аталады. Бұл қаланың ауасы расымен де таза, барлық адамдар дерлік велосипедпен жүреді, саябақтарының да саны өте көп.  Жақын жерде орман да бар. Бұл жердің климаты ылғалды континенттік, сондықтан жиі жаңбыр жауу, әдеттегі құбылыс болып табылады, суық аса қатты сезіледі.
Университеттің барлық факультеттерінде тегін Wi-Fi бар, оқыту үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған, барлық оқытушылар ағылшын тілін  жетік  меңгерген және материалды әр шетел тілі студенті үшін түсінікті  түрде жеткізеді. Біздің сабақтар жатақханадан бес минуттық жерде орналасқан электртехникасы, механика, информатика факультеттерінде өтеді. Университет аумағында, сондай-ақ, әртүрлі тілдердің курстарына баруға болатын үлкен кітапхана ғимараты бар, сонымен қатар бос уақытта спорт орталығында шұғылдануға болады. Университет Erasmus бағдарламасын пайдаланатындықтан АҚШ, Испания, Португалия, Франция, Үндістан, Қытай, Норвегия, Африка және басқа елдерден келген студенттермен танысуға мүмкіндік бар.
Польша Шенген аймағының елдері арасында болғандықтан, демалыс күндері, басқа да Еуропа елдерін, сондай-ақ  сарайлары және мұражайларымен танымал болған Польшаның Варшава мен Краков қалаларына саяхаттауға болады. Демалыс күндері біз Краков қаласына серуенге шыққан кезімізде Польшада оқитын қазақстандық студенттерді кездестірдік. Бізге қала өте ұнады, шын мәнінде, мұражай деп атауға болады. Краковта біз Николай Коперник оқыған Вавель сарайында және басқа да көптеген көрікті жерлерде болып қайттық.

Ангел Кынчев атындағы Русе университеті

Ангел Кынчев атындағы Русе университеті – 8 факультет, 28 ғимарат, 6 жатақхана, 404 оқытушы мен 10 000 студенттен тұратын Болгарияның жетекші көпсалалы оқу орындарының бірі. Барлық аудиториялар, оның ішінде зертханалық және компьютерлік сыныптар, компьютерлік технологиялар мен энергетиканың электроника саласындағы озық технологияларға сай жабдықталған. Университетті тәмамдағаннан кейін бітірушілер еуропалық үлгідегі диплом алады.
Біздің ұшақ жағалаудағы қала – Бургасқа қонды. Бізді университеттің өкілдері қарсы алып, бізді білім алатын қала – Русеге әкелді. Руседе біздің топты студенттер қалашығында орналасқан  университеттің жатақханасына орналастырды. Қабылдаушы университеттің өкілдері бізге жаңа қалаға және жалпы білім беру жүйесіне бейімделуге көмектесті. Русе қаласы бәрімізге ұнады: керемет сәулетіне байланысты  «Кіші Вена» деп аталатын, Дунай жағалауындағы тыныш қала ешкімді бейжай қалдырмайды. Сондай-ақ, бізге жергілікті тұрғындар мен ашық әрі әрдайым көмектесуге дайын  Испания, Италия, Греция, Тайланд, Польша және т.б. елдерден келген студенттер өте ұнады.
Біздің университетіміздің барлық студенттері жеке бағдарлама бойынша оқыды. Оқу ағылшын тілінде жүргізілді. Университеттің оқытушылар құрамы бізде қажетті  білімді беру үшін бәрін жасады. Біз ғылыми конференциялар мен көрмелерге (SIEMENS, National Instruments), сондай-ақ Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық  департаменті ұйымдастырған іс-шараларға белсене қатыстық.
Оқудан тыс, біздің топтың Болгарияны танымал еткен жерлерді көріп қайтуға мүмкіндігі болды. Қара теңіз жағалауындағы Варна қаласына, Велико Тырново қаласының тарихи қаласына және астанасы Софияға сапарлар ұйымдастырылды. Болгарияның әрбір бұрышы арнайы сұлулық пен әсемдікке толы болғандықтан, үлкен әсер алдық.