• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

ИНФОРМАТИКА

Бітірушіге «Бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.
5В060200 – Информатика мамандығының білім беру бағдарламаларының мақсаты ақпараттық жүйелерді қолдану мен студенттердің жеке қасиеттерін дамытудың әртүрлі салаларында білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді және сапалы даярлау, сондай-ақ жалпы мәдени-әмбебап (жалпығылыми, әлеуметтік-жеке, аспаптық) және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады.
5В060200 – Информатика мамандығының білім беру бағдарламаларының тапсырмалары:
− ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуге дайын;
−  ақпараттық технологияларды құру және ақпараттық ағындарды басқару құралдары мен әдістерін жоғары тиімді пайдалану дағдыларына ие болу;
– ақпараттық жүйелердегі заманауи компьютерлік техниканы қолдануға  дайын;
− оның өмірлік циклінің түрлі кезеңдерінде ақпараттық жүйелердің қаржылық тұрақтылығы мен стратегиялық тиімділігіне қол жеткізу үшін кәсіби проблемаларды шешуге қабілетті.
Бітіруші келесі кәсіби біліктілікке ие болуы керек:
 – сенімділігі мен ақауларға төзімділік қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы операциялық жүйелерді әзірлеуге арналған аппараттық құралдарды, нақты уақытты жүйелерді жобалауды, параллельді компьютерлерді қолдану арқылы бөлінген деректерді өңдеуді;
– аймақтық және ғаламдық ақпараттық желілерге арналған бағдарламалық-техникалық құралдар мен Интернет-технологияларды дамыту;
– ғылыми-техникалық міндеттерді компьютерлік визуализациялауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, табиғи процестерді анимациялау, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметтегі абстрактылы тұжырымдар;
– деректер базасын басқару жүйелерін (ДҚБЖ) жобалауға заманауи тәсілдер, сараптамалық жүйелер және жасанды интеллект жүйелер, бейнені тану мәселелері;
– қазіргі заманғы математикалық әдістер, ғылым, білім, технология, экономика және басқару мәселелерін шешудегі информатиктер;
– оқу орындарында информатиканы оқыту әдісі.
 5В060200 – Информатика мамандығы бойынша – IT-инжиниринг кафедрасы келесі ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және шетелдік университеттермен ынтымақтастық жүргізеді:
-Люблин технологигиялық университеті (Польша);
-«С.Л. Соболев атындағы математика институты» Федералды Мемлекеттік бюджеттік ғылым ұйымы (Ресей);
-Беларус Радиоэлектроника және информатика мемлекеттік университеті (Белорусь);
-Москва энергетикалық институты (Ресей);
Украина Ұлттық авиациялық университеті (Украина) және т.б.
Мамандық бойынша (мамандықтар)  білім беру бағдарламалары:
-Геоақпараттық технологиялары;
-Интернет технологиялары.
Міндетті пәндер:
  1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  2. Философия
  3. Шет тілі
  4. Қазақ (орыс) тілі
  5. Кәсіби қазақ (орыс) тілі
  6. Кәсіби-бағытталған шет тілі
  7. Математикалық талдау
  8. Ақпараттық-коммникациялық технологиялар
  9. Операциялық жүйелер
  10. Алгоритмдер және деректер құрылымы
  11. Тілдер және бағдарламалау технологиялары
  12. Параллельді есептеулер архитектурасы
  13. Компьютерлік желілер
  14. Мәліметтер қорының теориясы
  15. Адамның компьютермен өзара байланысы
Элективті пәндер:
  1. Қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік рухани негіздері
  2. Қазіргі қоғамның әлеуметтік институттары: саясат, құқық, дін
  3. Экономика және менеджмент
  4. Экономика және кәсіпкерлік қызмет
  5. Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі
  6. Экологиялық тұрақтылық және өміртіршілік қауіпсіздігі
  7. Ықтималдықтар теориясы және эксперименттер нәтижелерін өңдеу
  8. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
  9. Алгебра және геометрия
  10. Сызықтық алгебра
  11. Сандық әдістер
  12. Есептеу математикасының негіздері
  13. Дифференциалдық және айырма теңдеулерінің сандық шешімі
  14. Дифференциалдық және айырма теңдеулерінің компьютерлік шешімі
  15. Физика
  16. Физиканың арнаулы тараулары
  17. Электр тізбектерінің теориясы
  18. Тізбектер теориясының негіздері
  19. Электрондық аспаптар және схемотехника
  20. Схемотехника
  21. Машиналы-бағытталған тілдер
  22. Ассемблерде бағдарламалау
  23. Объектіге –бағытталған бағдарламалау
  24. Визуалды бағдарламалау
  25. Ақпараттардың қолданбалы теориясы
  26. Алгоритмдеу және есептеу әдістері
  27. Дербес компьютерде есептеу әдістері
  28. Метрология, стандарттау және өлшеу
  29. Есептеу жүйелері және кешендері
  30. Желілерді басқару
  31. Windows платформасында серверлерді басқару
  32. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
  33. Ақпараттық жүйелердің сенімділігі
  34. Деректер қорын басқару
  35. MySQL басқару
  36. Шешімдерді қабылдау теориясы
  37. Операцияларды зерттеу негіздері
  38. Компьютерлік модельдеу
  39. Имитациялық модельдеу
  40. 3D MAX-та модельдеу
  41. ІТ-жобаларды басқару
  42. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
  43. Web-технологиялары
  44. Web—қосымшаларын құру
  45. Геоақпараттық деректерді талдау
  46. Геоақпараттық жүйелерді жобалау
Мамандық бойынша студенттер жұмысқа қажетті білім және дағдыларға ие болады:
-аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді, кешендерді және желілерді тестілеу және тексеру
-ақпараттық жүйелердің сәулет және компоненттерін құру;
-ақпараттық жүйелерді математикалық, лингвистикалық, ақпараттық, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау;
-веб-интерфейстер дизайны және жобалау;
-интерактивті графикалық жүйелерді жобалау және дамыту;
-аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерінің адам-машина интерфейсін жобалау;
-ақпараттық ресурстарды басқару;
-деректер қорын жобалау және қызмет көрсету;
-ақпараттық желілердің желілік қызметтерін орнату, конфигурациялау және басқару;
-ақпараттық ресурстарды өңдеуге, сақтауға және көрсетуді бағдарламау;
-IT жобаларды басқару;
-АЖ баға беру және оны оңтайландыру бойынша шешімдерді әзірлеу;
-ұйымның іскерлік стратегияларын әзірлеуге кеңес беру;
-ақпараттық жүйелер саласында кеңес беру.
Оқыту әдістемесі.
Дәрістер, семинарлар және зертханалық сабақтарды жүргізу кезінде, интерактивті мультимедиялық технологиялар, сондай-ақ іскерлік ойындар, мысалы, машина модельдері бойынша ойын сабақтары, case study, тақырыптық пікірталастар сияқты белсенді оқыту әдістері қолданылады.    
Материалдық-техникалық база:
-Windows Server 2008, Linux, Windows 10 операциялар жүйесі негізіндегі компьютерлік және желілік технологиялар класстары.
-CISCO аймақтық академиясы.
-Kaspersky лабораториясы.
-LabView и ERP жүйелері бағдарламалық-техникалық кешендері.
-Oracle лабораториясы.

Практика келесі компанияларда өтеді:

Жетекші АТ-компаниялар мен мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінде, атап айтсақ ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ақпараттық және есептеу Институты, «ALSI», «LogyCom», «Azimut Solutions», «Казахтелеком», «KCell», «Beeline», «Dalacom», «Tele2», «OMEGA.KZ» ЖШС, «Alfa technologies» ЖШС, «Newinttech» ЖШС, «NurBilim» ЖШС, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ және және басқа да озық, табысты дамып келе жатқан ұйымдар.

 

 

Бітірушілер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:

-Санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейлі маман;
-екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейлі маман;
-бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейлі маман. Бағдарламалық қамтамасыз ету инженері,
-Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету инженері,
-Web – шебер,
-Программист (компьютерлік),
-Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші,
-Бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдау жөніндегі маман,
-Деректер қорының администраторы,
-Деректер қорының инженері,
-Жүйелік инженер,
-Техникалық кеңесші.

 

Бітірушілер жұмыс істейді:

– банк саласында;
– телекоммуникация және байланыс саласында;
– энергетика саласында;
– мемлекеттік секторларда;
– жоғары оқу орындарында;
– жеке компанияларда.