• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Бітірушіге «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.
Мамандық бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикасын үдемелі инновациялық дамыту үшін жоғары білікті IT-мамандарды даярлау.
Мамандықтың білім беру бағдарламасының міндеттері:
-аппараттық-бағдарламалық кешендер компоненттерінің архитектурасын және тиісті адам-машиналық интерфейстерін жобалау;
-компьютерлік техниканы, компьютерлік ақпаратты өңдеу және басқару жүйелерін іске асыру үшін бағдарламалау құралдарын қолдану;
-кәсіби қызмет объектілерінің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау;
-кәсіптік қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу;
-компьютерлік технологиялар көмегімен математикалық үлгілерді, процестерді және жүйелерді таңдау және енгізу;
-кәсіби қызмет объектілерін дамыту және зерттеу үдерісін ұйымдастыру үшін технологияларды, бағдарламалық құралдарды және компьютерлік құралдарды таңдау;
-ақпараттарды өңдеу және жүйені басқару, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді, компьютерлер мен компьютерлік жүйелерді орнату, конфигурациялау және қызмет көрсету;
– бағдарламалық өнімдерді, ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін қамтамасыз ету.
5В070400-ЕТжБҚ мамандығы бойынша  IT-инжиниринг кафедрасы келесі ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және шетелдік университеттермен ынтымақтастық жүргізеді:
– Люблин технологигиялық университеті (Польша);
– «С.Л. Соболев атындағы математика институты» Федералды Мемлекеттік бюджеттік ғылым ұйымы (Россия);
– Беларус Радиоэлектроника және информатика мемлекеттік университеті (Белорусь);
– Москва энергетикалық институты (Россия);
– Украина Ұлттық авиациялық университеті (Украина) және т.б.
Мамандық бойынша (мамандықтар)  білім беру бағдарламалары:
-Бағдарламалық инженерия;
-Компьютерлік инженерия.
Міндетті пәндер:
  1. Алгоритмдеу және бағдарламалау
  2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  3. Архитектура және компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру
  4. Жүйелік бағдарламалау
  5. Электроника
  6. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу құралдары
  7. Сандық схемотехника
  8. Математика
  9. Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  10. Шетел тілі
  11. Қазақ (орыс) тілі
  12. Физика
  13. Кәсіби қазақ (орыс) тілі
  14. Философия
  15. Кәсіби бағдарланған шет тілі
Элективті пәндер:
  1. IT –мамандар қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
  2. Қазіргі қоғамның әлеуметтік институттары: саясат, құқық, дін
  3. Тілдер және бағдарламалау технологиялары
  4. Компьютерлік графика және анимация
  5. Операциялық жүйелер
  6. Бағдарламалаудағы дискретті математика
  7. Бағдарламалаудағы компонетті тәсіл
  8. Web-технологиялар
  9. Клинеттің веб-қосымшаларын құру
  10. Объектіге – бағытталған бағдарламалау
  11. Java-да бағдарламалау
  12. Электр тізбектерінің теориясы
  13. Деректер қорын жобалау
  14. СУБД ORACLE
  15. Компьютерлік жүйелер
  16. Желілік инфрақұрылымды құру негіздері
  17. Серверлерді жүйелік басқару
  18. Linux негізіндегі жоғары өнімді есептеу жүйелерін басқару
  19. IOS базасында бағдарламалық қосымшаларды құру
  20. Android базасында бағдарламалық қосымшаларды құру
  21. 1С –тегі есептеу негіздері және экономика
  22. АКТ саласындағы экономика және басқару
  23. Ақпаратты криптографиялық қорғаудың негіздері
  24. Ақпараттық қорғау және ақпараттық қауіпсіздік
  25. Веб-қосымшаларын желілік бағдарламалау
  26. Корпоративтік жүйелердегі заманауи ДҚБЖ
  27. Интернет-қосымшаларда ДББЖ қолданудың әдістері
  28. 3D-технологиялар
  29. Робототехника құрлығыларын бағдарламалау негіздері
  30. Arduino микроконтроллер карталарын бағдарламалау
  31. CISCO негізінде компьютерлік желілердің қауіпсіздігі
  32. Бағдарламалаудың желілік технологиялары
  33. Іскерлік қосымшаларды әзірлеу технологиялары
  34. Интернет – кәсіпкерлік
  35. Бағдарламалық қосымшаларды жобалау технологиялары
  36. Жасанды интеллект жүйесі
  37. Үлестірілген және бұлттық есептеулер
  38. Жоғары сапалы қосымшаларды құру
  39. IP телефония жүйелері
  40. Компьютерлік ойындарды құру
Мамандық бойынша студенттер жұмысқа қажетті білім және дағдыларға ие болады:
-деректер қорын жобалау және құру;
-жасанды жүйелерді құру;
-компьютерлік желілер мен жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-Веб-интерфейс дизайны;
-робототехника құрылғылары үшін бағдарламалық жасақтама құру;
-мобильді қосымшаларды құру;
-бағдарламалық өнімді тестілеу;
-ақпараттық өңдеу және басқару жүйелерін енгізу үшін компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану;
– кәсіби қызмет объектілерінің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау;
-интернет-кәсіпкерлік;
-IT-стратегияларын құру.
-компьютерлік жүйелер мен желілерді басқару.
Оқыту әдістемесі.
Дәрістер, семинарлар және зертханалық сабақтарды жүргізу кезінде, интерактивті мультимедиялық технологиялар, сондай-ақ іскерлік ойындар, мысалы, машина модельдері бойынша ойын сабақтары, case study, тақырыптық пікірталастар сияқты белсенді оқыту әдістері қолданылады.
Материалдық-техникалық база:
-Windows Server 2008, Linux, Windows 10 операциялар жүйесі негізіндегі компьютерлік және желілік технологиялар класстары.
-CISCO аймақтық академиясы.
-Kaspersky лабораториясы.
-LabView и ERP жүйелері бағдарламалық-техникалық кешендері.
-Oracle лабораториясы.

Практика келесі компанияларда өтеді:

Жетекші АТ-компаниялар мен мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінде, атап айтсақ ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ақпараттық және есептеу Институты, «ALSI», «LogyCom», «Azimut Solutions», «Казахтелеком», «KCell», «Beeline», «Dalacom», «Tele2», «OMEGA.KZ» ЖШС, «Alfa technologies» ЖШС, «Newinttech» ЖШС, «NurBilim» ЖШС, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ және және басқа да озық, табысты дамып келе жатқан ұйымдар.
 

 

Бітірушілер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:

-Инженер программного обеспечения,
-Инженер прикладного программного обеспечения,
-Web – мастер,
-Программист(компьютерный),
-Разработчик программного обеспечения, Специалист по поддержке программных продуктов,
-Администратор баз данных,
-Инженер по сопровождению баз данных,
-Системный инженер,
-Технический консультант.

 

Бітірушілер жұмыс істейді:

– банк саласында;
– телекоммникация және байланыс саласында;
– энергетика саласында;
– мемлекеттік секторларда;
– жоғары оқу орындарында;
– жеке компанияларда.