• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Электр энергетикасы

Түлекке «Электр энергетикасы бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі
Кәсіби қызметтің саласы – электр энергиясын өндіру, тасымалдау, тарату және тұтыну үшін жағдайлар жасауға бағытталған адамзат қызметінің технологиялары, құралдары мен әдістерін қамтитын ғылым мен техника саласы.
Түлектердің кәсіптік қызмет объектілері:
Электр энергиясын өндіру, тасымалдау, тарату және тұтыну кәсіпорындары түлектердің кәсіптік қызмет объектілері болып табылады.
5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары (мамандандырулар):
-«Электр желілері мен жүйелер»;
-«Электр станциялары».
Таңдау пәндері:
1 жыл.
  1. Мамандыққа кіріспе.
  2. Электр негіздері.
2 жыл
  1. Электротехникалық материалдар мен бұйымдар.
  2. Электротехникалық материалдар бойынша ғылым.
3 жыл
  1. Электр энергетикасындағы өтпелі процестер.
  2. Электромагниттік және электромеханикалық процестер.
  3. Электр станциялары.
  4. Электр станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтары.
  5. Электр желілері мен жүйелер.
  6. Электр энергиясын тасымалдау.
4 жыл
  1. Жоғары кернеулер техникасы.
  2. Электр жабдығын және жоғары кернеулі электр қондырғыларын оқшаулау.
  3. Электр станцияларының жабдықтарын орнату және жөндеу.
  4. Электр станцияларын жобалау.
  5. Энергия жинақтауштары.
  6. Электр станцияларының электр жабдықтарын пайдалану.
  7. Электр желілері мен жүйелеріне арналған электр жабдықтарын монтаждау және жөндеу.
  8. Электр желілері мен жүйелерін жобалау.
  9. Электр тораптары мен жүйелерінің режимдерін есептеу.
  10. Энергияны тұрақты және айнымалы тоқпен тасымалдау.
  11. Электр станцияларында SCADA жүйсінің құрастыру негіздері.
  12. Электр желілерінде SCADA жүйсінің құрастыру негіздері.
Мамандық студенттері келесі білім алады:
-электр энергетикасын дамыту перспективалары бойынша, компьютерлік технологиялар және электр энергетикасы үшін заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету;
-қазіргі заманғы электр энергетикалық жабдықтың техникалық сипаттамалары, жұмыс істеу принциптері және құрылымдық ерекшеліктері;
-теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізу әдістері; электр энергетикасы саласындағы маркетинг және басқару негіздері;
-электр станциялары мен электр желілері мен жүйелерін жобалау, салу, орнату және пайдалану ережелері мен регламенттері;
-өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау шаралары.
Оқыту әдістері.
Мультимедиялық проекторлармен жабдықталған аудиторияларда дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар жүргізіледі; компьютерлік сыныптарда заманауи компьютерлік бағдарламалар (Rastr Win , TKZ -3000, PSCAD және т.б.) және жоғарыда аталған мамандандырылған зертханаларда пайдаланылады.
Материалдық-техникалық базасы:
ЭЖЭЭЖ кафедрасында 5В071800 – «Электр энергетика» мамандығы бакалаврларын және 6М071800 – «Электр энергетика» мамандығының магистранттарын дайындау үшін бір компьютерлік класс (B230) және 5 оқу зертханалары бар, олар:
-«Жоғары кернеу техникасы» зертханасы (B102 ауд.);
-«Электр жабдықтарын оқшаулау» лабораториясы (B117 ауд.);
-«Электр жабдықтарын пайдалану» зертханасы (B118 ауд.);
-«Электр станциялары және қосалқы станциялар» зертханасы (B229 ауд.);
-«Электротехникалық материалдар» зертханасы (B232 ауд.).
Кафедраның түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:  
 ұйымдастырушылық және басқарушылық, өндірістік-технологиялық, монтаждау және іске қосу, қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету, жобалау, эксперименталдық зерттеу жұмыстары және т.б.

Студенттер тәжірибе өтеді

«ALES» АҚ, «АЖК» АҚ, «KEGOC» АҚ (9 филиал), КазНИИПИТЭЭ Институт ЭНЕРГИИ, «ТАТЭК» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Атырау Жарық Компаниясы» АҚ және басқа да аймақтық электр станциялары.

 

Түлектер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:

Кафедраның түлектері электр энергиясын өндіретін, тасымалдайтын, тарататын және тұтынатын кез келген мемлекеттік немесе жеке компанияда, ұйымда, кәсіпорында, фирмада жұмыс істей алады. Олар инженер, электр бөлімінің бастығының, мастердың, диспетчердің, оператордың және т.б. лауазымдарын атқара алады. нақты мансаптық мүмкіндіктері бар: әдеттегі электриктен бас энергетикқа немесе кәсіпорын басқарушысына дейін.
 

Түлектер келесі компанияларда жұмыс істейді:

АлЭС АҚ, АЖК АҚ, KEGOK АҚ(9 филиалдары), КазНИИПИТЭЭ Институт ЭНЕРГИИ, «ТАТЭК» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Атырау Жарық Компаниясы» АҚ, өңірлік энергия тарату компанияларында, SIEMENS және ABB компаниялары, мұнай, құрылыс және басқа да Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындары.

 

Танымал (белгілі) түлектер

  1. Оспанов Бауыржан Кеңесбекұлы – ZHERSU Корпорация басқармасының төрағасы
  2. Искаков Аскар Кежекович – ZHERSU Корпорация басқармасы төрағасының орынбасары ZHERSU
  1. Мухамед-Рахимов Нурлан Тауфикович – «Алматы электр станциялары» АҚ, Басқарма төрағасы
  2. Исмухамбетов Газий Жумабаевич – «Алматы электр станциялары» АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары
  3. Утегулов Нуржан Имангалиевич – «KERNEU»ЖШС, директорының орынбасары
  4. Чукреев Юрий Яковлевич.Техника ғылымдарының докторы.Әлеуметтік-экономикалық және энергетикалық проблемалар институтының директоры. Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесі. Ресей Федерациясының Сыктывкар қаласы.
  5. Брянцев А.М.Техника ғылымдарының докторы.«Электросетевые компенсаторы» ЖШС-ның бас жобалаушысы. Ресей.
  6. Сахарханов Калий Дуйсенович – «Алатау» АҚ, бас инженерінің орынбасары.
  1. Махарадзе Ясин Раcимович.  «Building Materials Centre»ЖШС бас инженер.