• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

ҒАРЫШТЫҚ ИНЖИНЕРИЯ ЖӘНЕ ТЕЛЕКАМУНИКАЦИЯЛАР ИНСТИТУТЫ

Балбаев КТИТ
Бүгінгі күні Ғарыштық инжинерия және телекоммуникация институтында(ҒИТКИҚазақстан аумағында ғана емес шет елде де қызмет көрсетудің кең таралуына ықпал ететін заманауи ғылыми-білім беру кешенін бар. Университет жүзеге асырған білім беру бағдарламасы сұранысқа ие маман иесін дайындауға бағытталған. Жаңарған материалды-техникалық база, білікті кадрлар, Қазақстанның жетекші компанияларымен тығыз байланыс әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс жасайтын біздің бітіруші түлектердің  лауазымды өсуінің негізі болып табылады.
Институтта тек қана Қазақстанда емес шет елде де танымал ғылыми ұжым жұмыс істейді. Мамандарды дайындаудағы жоғарғы деңгейді ҒИТКИ студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының  ЖОО арасындағы, аудандық және ұлтаралық жарыстарда, олимпиадаларда, конкурстарда, конференцияларда қатысулары дәлелдей алады. ҒИТКИ-да дәстүрді сақтап және дамуды жетілдіруді үйретеді.
Ғарыштық инжинерия және телекоммуникациялар институты директоры
Балбаев Гани Кудайбергенович

Институт туралы ақпарат

Ғарыштық инжинерия және телекоммуникациялар институты (ҒИТИ) 2017 жылы КЕАҚ «АЭжБУ» құрылымдық бөлімі ретінде құрылды. Бұған дейін институт 1987 жылы құрылған «Pадиотехника және байланыс» факултеті болған.
Қазіргі уақытта ғарыштық инжинерия және телекоммуникациялар институтында күндізгі оқу бөлімінде  1040 және сырттай оқу бөлімінде 32 студент, 42 магистрант, 9 докторант білім алуда.
Ғарыштық инжинерия және телекоммуникациялар институты ғарыштық техника, робототехника, мехатроника, электроника және телекоммуникация саласында Қазақстан Республикасының негізгі кәсіпорындары үшін зияткерлік еңбектің отандық және әлемдік нарықтағы талаптарына жауапты  мамандарды дайындайды.

Институт келесі мамандықтар бойынша дайындық жүргізеді:

Мамандарды дайындау келесі кафедралар негізінде жүргізіледі:

Институт қызметкерлері:

Бітірушілер жұмысқа орналасқан компаниялар мен компания серіктестері

ҒИТИ шетелдің жетекші ғылыми орталықтармен бірігіп және ғылыми бағдарламаларды табысты түрде жүзеге асыратын келесі орталықтармен келісімге отырған, мысалы, ААҚ «Ғылыми-өндірістік бірлестік «Андроидная техника», Винниц ұлттық техникалық университеті, М.Т. Калашников атындағы Ижевск мемлекеттік техникалық университеті (Ресей), Мәскеу инжинерлі-физикалық институты (Ресей), Варна техникалық университеті,  Белосток техникалық университеті (Польша), Кассино және оңтүстік Лацио университеті (University of Cassino and Southern Latium) (Италия), Ұлттық зерттеу  Томск политехникалық университеті (Ресей),  Берлин техникалық университеті (Германия), Томас Мора университеті (Бельгия), Тохоку университеті (Япония). Сабақтар заманауи жетекші компанияларға  сәйкес жабдықталған аудиторияларда өтеді, мысалы, Iskratel, SIEMENS (Германия), ABB (Швеция), Maschinenfabrik Reinhausen  (Германия), Шнайдер Электрик, ЭКРА, ОВЕН (Россия), Panasonic, Intel, Texas Instruments, сондай-ақ студенттермен интеллектуалды роботтарды өңдеу үшін радиомонтажды шеберхана іске қосылған – «Роботтардың ұлтаралық ғылыми-зерттеу зертханасы».
ҒИТИ тек қана күндізгі оқу бойынша 5000-ге жуық маман шығарды. Көптеген бітірушілер телекоммуникациялық және ақпараттық ұйымдарда жетекші орындарға ие. Олардың ішінде: Жумагалиев А.К. – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Нуршабеков Р.Р. – ҚР ақпарат және байланыс бойынша Агенттік төрағасының бірінші орынбасары, Лезговко А.В. – «Казақтелеком» АҚ бас техникалық директорының орынбасары, Крупский И.Б. – «Казақтелеком» АҚ біріктірілген «Космическая связь» орталығының директоры, Андрусевич Е.В. –«MCI World Com» компаниясының Қазақстандағы өкілеттілігінің директоры, Афанасьев А.Н. – «Marcom Computer» компаниясының президенті, Швалов С.А., Кошелев В.В., Кругов М.А. – «Logy Com» ЖШС президенті және вице-президенті  , Калашников П.Г. – АЛСИ әкімшілік директоры, Ким Ю.Ю. – «ICON» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС – Beeline Казақстан директоры.