• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Университет тарихы

1960

Алғаш рет Қазақстанда Қазақ политехника институты базасында инженер-энергетиктерді даярлау басталды.

1975

Қазақ ПТИ Энергетика факультеті өз алдына Алматы энергетика институты (АЭИ) болып бөлінді

1996

Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы 1996-2014 жылдары «АЭжБУ» КеАҚ тұңғыш ректоры

 «АЭжБУ» КеАҚ 1996-2014 ж.ж. тұңғыш ректоры Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы-техника ғылымдарының кандидаты, академикалық профессор. 1971 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ) энергетика факультетін « Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын  ҚазПТИ энергетика факулттетінде бастаған, яғни 1975 жылы өз алдына Алматы энергетика институты болып бөлінген,  1997 жылы – Алматы энергетика  және байланыс институты, ал 2010 жылдан бастап – Алматы энергетика және байланыс университеті болып қайта құрылды,осы жерде  40 жыл бойы әртүрлі лауазымдарда – ассистенттен бастап ЖОО ректорына дейін қызмет атқарды.

            Ғ.Ж.Дәукеевтің басшылығымен  шаруашылық субъектілерінің өтініші бойынша Қазақстанның бірқатар ӨЭК және электрстанцияларын дамытудың инвестициялық жобалары әзірленді. Ол 2012-2030 жылдары Қазақстанның энергетикасын дамытудың мастер жоспарын, «КЕGОС» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысты. 70-тен аса ғылыми еңбектері жарияланды, оның ішінде  6 өнертабысы мен  3 монографиясы бар. Бес үкіметтік және алты ведомстволық наградалармен марапатталған.

2001

АЭжБУ-де  CISCO өңірлік академияны ашу туралы шартқа қол қойылды

2010

Алматы энергетика және байланыс институты

университет мәртебесін алды

2016

Тұңғыш рет Қазақстанда 3D принтингі мен робототехника

 мектебі ашылды