• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛУ ТЕХНИКАСЫ ИНСТИТУТЫ

Бахтияр Балжан ТЭУ
Жылу энергетика факультетін алғаш рет бірінші ректор Ғ. Дәукеев құрған. Бүгінде Жылу энергетика және жылу техника институты жылу энергетиктерді, өндірістік жылу энергетиктерді, еңбек қауіпсіздігі мен инженерлік экология саласында жұмыс жасайтын мамандар дайындайды.
Мұнда 80 оқытушы еңбек етеді, оның ішінді ғылым академиктері, профессорлар, докторлар, техника ғылым кандитаттары, PhD, ассистенттер, лаборанттар. Заманауи зертханалық база бар.
Жыл сайын біздің студенттер «Жылу энергетика» мамандығы бойынша республикалық олимпиадаларда, «Самрұқ-Энерго» олимпиадаларында алғашқы орындарды иеленді. Сондай-ақ, университеттен ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ көрмесіне студенттер қатысты. АҚ « Алматы электр станциялары» серіктесімен бірге «Дуалды білім» жобасының іске асырылуы нәтижесінде студенттер кәсіпорындарда өндірістік практикадан өтеді.
Ірі белгілі компаниялар – энергия өндіруші және таратушы, басқарушы және қызмет көрсетуші мұнай-газ өңдеуші, мұнай  өндіруші, тау өңдеуші, жобалық және ғылыми зерттеу мекемелері біздің серіктестеріміз болып табылады. Олардың ішінде – БСҚ «Алматытелекоммуноэнерго», АҚ « Алматы жылу желілері», АҚ « Алатау- Жарық», БСҚ « МАЭК-Казатопром», «Тенгизшевройл», «Карачаганак петролеум оперейтинг», «КазМұнайГаз», «Казтрансгаз», «Актобемунайгаз», «Казахойл», « Retro Kazakhstan – ШНОС», АҚ « Қазақстан алюминийі», АҚ «Казцинк», « Өскемендік титан-магнийлік комбинат» және т.б. Институт бітірген  түлектердің 97% жұмыспен қамтылады. Біз студенттеріміздің сапалы білім алуына, жоғары дәрежелі және қажетті маман, белді ғалым атануына барлық күшімізді саламыз.
Біз сізді күтеміз!
Жылу энергетикасы және жылу техникасы институтының директоры
Бахтияр Балжан Төрепашқызы
Институт жайлы
Жылу энергетикасы және жылу техникасы институтының негізі 1975 жылы Қазақ политехникалық институтының Энергетикалық факультетінің өз алдына Алматы энергетикалық институты болып бөлініп шыққан кезінен бастап қаланған.
5В071700 – ” Жылуэнергетика ” (бакалавриат, магистратура және докторантура)
– Жылу электр станциялары
– Су және отын технологиялары
– Өндірістік жылу энергетикасы
5В073100 – “Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау” (бакалавриат, магистратура)
– Инженерлік экология және жылу энергетикасындағы өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
– Инженерлік экология және электр энергетикасындағы өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Бітіруші түлекке төмендегі мамандықтар бойынша «Техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі:
Мамандарды дайындау төмендегі кафедралар базасында жүзеге асырылады:
Бітіруші түлектерді жұмыспен қамтитын серіктес компаниялар:
Қай жерде және кім болып жұмыс істейсіз?
  1. Энергия өндіруші және таратушы компанияларда: «Алматы электр станциялары»АҚ, ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 қоса алғанда; «Алматытелекоммунэнерго» БСҚ; «Алматы жылу желілері» АҚ; «Алатау-Жарык» АҚ; Атырау ЖЭО; «AES Екібастұз» БСҚ (Екібастұз ГРЭС-1); «ЕЭК» (Аксу ГРЭС) АҚ; « Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» ААҚ;  «Екібастұз станциясы ГРЭС-2» АҚ; МАЭК-Қазатомпром» ЖЭО-2, ЖЭО-3 БСҚ; Қараганды ГРЭС-2 (Қазақмыс Корпорациясы); Павлодар ЖЭО-3 («Павлодарэнерго АҚ»); «Аксесс Энерго Петропавл ЖЭО-2» БСҚ; «Қазақстан Алюминий» (Павлодар ЖЭО-1), ЖЭО-2 АҚ; «Астана Энергосервис» АҚ;
  2. Басқарушы және қызмет көрсетуші компанияларда: «Жүйе операторының ұлттық диспетчерлік орталығы» «KEGOC» АҚ; КОРЭМ (Электр энергиясы мен қуаты саудасының Қазақстандық операторы); Пул РЭМ мекемесі (Электр қуатының Пул резерві); Комгосэнергонадзор;
  3. Жоба және ғылыми-зерттеу мекемелерінде: ҚазНИПИ Энергопром»; «ҚазНИПИИ «Энергия» ЖЭС, «Чокин атындағы энергетиктер ҚазҒЗИ»;
  4. Мұнай және газ тасымалдаушы мұнай өндіретін және өңдейтін компанияларда: «Тенгизшевройл»; «Қарашығанақ петролеум оперейтинг»; «ҚазМұнайГаз»; «Қазтрансгаз»; «Актөбемұнайгаз»; «Қазақойл», «Petro Kazakhstan – ШНОС»;
  5. Тау кен өндіретін компанияларда; пайдалы қазбалар мен кен өңдеумен айналысатын өндірістерде: Трансұлттық компания «Қазхром»; Дон тау-байытушы комбинат, Ақтөбе темір құйма заводы; «Қазақстан Алюминийі» АҚ және оның мекемелері; «Қазмырыш» және оның мекемелері; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ.
Институтты бітірген түлектер Қазақстанның барлық жылу электр станцияларында, жобалық ғылыми-зерттеу институттарында, еліміздің энергетика саласындағы кәсіпорындарда, сондай-ақ, жақын, алыс шет елдерде жұмыс істей алады және бүгінде олардың көпшілігі еңбек жолында үлкен жетістіктерге жетті, мысалы, институттың және ЖЭҚ кафедрасының түлегі Жабагин А.А. – республикалық инновациялық қордың Президенті, Оразбаев Б.Е. – «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы, Даукеев Ғ.Ж. – АЭжБИ ректоры, Сырғабаев И.А –АЖЭО-1 директоры, Сабыркулов Б.А. – АЖЭО-2 директоры, Карпов Д.П. – АЖЭО-3 директоры, Тютебаев С.С. – Алматы қаласының энергетика және коммуналды шаруашылығы басқарма бастығы, Мұсабеков Р. А.- ӨЖЭ кафедрасының меңгерушісі, Кибарин А. А. – ЖЭҚ кафедрасының меңгерушісі және т.с.