• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Жобаларды басқару офисі

Инновациялық және өндірістік қызмет

2017 жылы ғылыми-зерттеу, ғылыми-қолданбалы, консалтингтік жұмыстарына негізгі тапсырыс берушілердің қатарында: «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ, KEGOC «Электр желісін басқару бойынша Қазақстандық компаниясы», «Алматы элекр станциялары» АҚ, «Ханиуэлл-Автоматты басқару жүйесі» ЖШС, «Уранэнерго» ЖШС, «ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясы» ММ, «ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық Резервтер комитеті «Резерв» РМК, «Ядерлік физика институты» РМК, «ЭКО-САФ» ЖШС және т.б.

Көрмелерге, конференцияларға, симпозиумдарға қатысуы

«ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға АЭжБУ-дан 5 жоба ұсынылды. Оның ішінде бір жоба «Астана ЭКСПО 2017» көрмесінде көрсетілуге алынды (т.ғ.д., проф. К.С.Ивановтың жобасы).

ОПҚ және АЭжБУ қызметкерлері экспонаттармен 5 көрмеге, 122 халықаралық, республикалық конференцияларға, салалық форумдар, съездер, дөңгелек үстелдер мен семинарларға қатысты.

Жас ғалымдар кеңесі

2015 жылдың желтоқсан айында құрылды.

ЖҒК негізгі міндеті – ғылыми әлеуетті дамыту үшін жас ғалымдарды біріктіру, жас ғалымдардың кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу.

ЖҒК 2016 жылғы жұмысы:

– грант алу бойынша өткізілген конкурстар, конференциялар, көрмелер, конкурстар туралы ақпараттар таратылды.

– студенттермен жұмыс жасауға жас ғалымдарды іске қосу;

– 18 конкурсқа: АЭжБУ конкурсына, «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандығы бойынша ҚР БҒМ СҒЗЖ конкурсына жұмыстарды әзірлеуге жәрдем берілді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

АЭжБУ-дағы ҒЗЖ ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттары бойынша және ұйымдар, кәсіпорындар және тапсырысшылармен шаруашылық шарты жұмыстары бойынша жүзеге асырылады.

АЭжБУ көп жылдан бері ғылыми-қолданбалы зерттеулерді (ғылыми-зерттеу жұмыстарын), жобалық-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды атқарады және тапсырыс беруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ғылыми-техникалық қызметтерді көрсетеді.

Ағымдағы кезеңде ғылыми-зерттеу, ғылыми-қолданбалы, консалтингтік жұмыстарын орындау бойынша негізгі тапсырыс берушілердің қатарында: «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ, «Атырауская теплоэлектроцентраль» АҚ, «Energy Partner» ЖШС, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ. 2018 жылы Эмбамунайгаз АҚ, «Ханиуэлл-Автоматты басқару жүйесі» ЖШС, «KEGOC «Электр желісін басқару бойынша Қазақстандық компаниясы» АҚ, «Таукент-Энергосервис» ЖШС жұмыстарды атқаруды жалғастырды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 20 млн.теңгеден жоғары 4 шаруашылық шарттары жасалды.

АЭжБУ-да гранттық қаржыландыру 2012 жылдан басталды. 2017 жылы АЭжБУ қызметкерлері 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер берді.

Конкурс нәтижесі бойынша және ҰҒК отырысының қорытындысы бойынша ҚР БҒМ бағыты бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жалпы құны 225,65 млн.тенгені құрайтын 2018-2020 жылдары жүзеге асырылатын 8 жоба мақұлданды:

«Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» бағыты бойынша:  

1) АР05132160 «Оқу процесіне докторанттар мен магистранттардың оқу жұмыстарының форсайт жүргізу әдістемесін енгізу және дайындау» (жоба жетекшісі С.С. Сагинтаева)

2) АР05132483 «Электрстатикалық айналар мен эмиссиялық жүйелердегі электрондық шоғырлардың кеңістіктік және ұшу уақыттық фокустауының сапасына релятивистік эффектілердің әсерін зерттеу» (жоба жетекшісі С.Б. Бимурзаев)

«Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар» бағыты бойынша:   

3) АР05130987 «Елді өндірістік-энергетикалық дамыту үшін уран шығатын гидрогенді жерлерді пайдаланудың инновациялық технологияларын дайындау» (жоба жетекшісі Е.С. Орынгожин)

4) АР05133635 «Уран өндірудің тиімділігін арттыру үшін мобильді геотехнологиялық ақпараттық-метрологиялық кешенді әзірлеу, сынау және құру» (жоба жетекшісі С.С. Жусупбеков)

«Энергетика және машина жасау» бағыты бойынша:  

5) АР05133388 «Қазақстанның жеке өнеркәсіптік өндірісі үшін табиғи газда, сұйық және қатты отындағы жылулық қуаты 0,63 МВт-тан 145 МВт-қа дейін жететін перспективалық су жылытатын қазанның жалпақ сызғышын зерттеу және әзірлеу»  (жоба жетекшісі Р.К. Орумбаев)

6) АР05132960 «Екібастұз көмірін жағудың тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық көміртозаңды оттықты математикалық модельдеу әдістері мен физикалық тәжірибе негізінде зерттеу» (жоба жетекшісі А.А. Шишкин)

7) АР05134025 «Қазақстандағы газтурбиналық қондырғыларының жұмысының экологиялық қауіпсіздігін арттыру мақсатында микрофакельді алдыңғы құрылғыларды, комплекстік техникалық шешімдерді зерттеу және әзірлеу» (жоба жетекшісі А.М. Достияров)

«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялылық белгісінсіз)» бағыты бойынша:  

8) АР05132723 «Ақпараттандырудың аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздік саласындағы бейімделгіш сараптама жүйесін әзірлеу» (жоба жетекшісі А.А. Досжанова)

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Алматы энергетика және байланыс университеті жоғары оқу орындарындағы техникалық («Электрэнергетика», «Жылуэнергетика», «Радиотехника, электроника и телекоммуникациялар», «Ғарыштық техника және технологиялар») мамандықтар бойынша жыл сайынғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсын ұйымдастырушы негізгі оқу орны ретінде,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы №14-5/9 хатына сәйкес, конкурстың ІІ кезеңін өткізеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының ІІ кезеңінің нәтижесін және қорытынды ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық конкурстық комиссиясына тапсыру (2018 ж. қаңтар-сәуір айлары).

АЭжБУ 2018 жылдың 11-нен 14-ші ақпанға дейін аралығында «Электрэнергетика» (қазақ және орыс тілдерінде) мамандығы бойынша студенттердің республикалық пән олимпиадасын өткізеді.

Структурные подразделения ЦНИРТ

п/н Наименование подразделения Ф.И.О. руководителя Год создания
1 ТНИЛ “Исследования проблем топливно-энергетического комплекса” Жакупов Алмас Аусыдыкович 01.02.2001г.
2 ТНИЛ “Энергетического мониторинга и экспертизы” Кибарин Андрей Анатольевич 05.05.2003 г.
3 Центр «Возобновляемые источники энергии и новые технологии в энергосбережении» Стояк Вячеслав Владимирович 25.04.2006 г.
4 Центр «Водные технологии и водно-химические режимы» Бурзайкин Вадим Юрьевич

 

03.07.2006 г.
5 ТНИЛ «Автоматизированная система управления технологическими процессами» Еренчинов Кагазбек Калыкбаевич 16.03.2011 г.
6 Электротехнический центр: Жумагазин Бураш Абилович 09.02.2015 г.
Испытательная лаборатория технических средств по параметрам электромагнитной совместимости Казиев Руслан Есенбекович
Поверочная лаборатория средств измерений электрических величин Утешев Ілияс Жақсылықұлы
7 Электролаборатория Утешев Ілияс Жақсылықұлы 15.03.2016 г.
8 Лаборатория «Интеллектуальные электроэнергетические системы» Саухимов Алмас Абжалиевич 18.05.2017 г.

 

ТНИЛ – тематическая научно-исследовательская лаборатория

НИЛС – научно-исследовательская лаборатория студентов 

ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ОФИСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Максат Берикович Амреев – директор

Жаркынай Мусладиновна Онгарова – жетекші маман

Жамал Алдабергеновна Койшибекова – аға маман

Ердос Мейрамович Алдажаров – маман

Гульназ Жармухамбетовна Турсунова – инженер