• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Ректордың блогы

Алматы энергетика және байланыс университетінің сайтына қош келдіңіздер!
Сіз Қазақстан және Орталық Азиядағы техникалық бейіндегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын АЭжБУ-дің үлкен әрі тату командасының мүшесі атандыңыз.
Алматы энергетика және байланыс университетінің тарихы Қазақ политехникалық институтында инженер-энергетиктерді даярлайтын энергетика факультеті ашылған сәттен, яғни 1960 жылдан бастау алады.
1975 жылы факультет дербес жоғары оқу орны – Алматы энергетика институты болып қайта құрылды. Сол сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы энергетика және байланыс университеті ұлттық білім беру жүйесі мен посткеңестік кеңістікте энергетика, аэроғарыш және IT салаларының кадрларын даярлайтын көшбасшы болып табылады.
Бүгінде АЭжБУ – сапалы білім беру мен алдыңғы қатарлы білім, өзекті ғылыми зерттеулер мен студенттік жобалар орталығы.
Бүгінде АЭжБУ – мемлекет пен қоғам, академиялық және кәсіби қауымдастық тарапынан мойындалған жоғары оқу орны. Бұған дәлел – жоғары оқу орнының мемлекеттік аттестациясы мен оның барлық білім беру бағдарламаларының аккредитациясы.
АЭжБУ – мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқаратын, экономиканың нақты секторларының барлық деңгейінде жұмыс істейтін және еліміздің экономикасының, ғылымы мен білімінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген 40 мыңнан астам табысты бітіруші.
АЭжБУ – оқу мен спорттағы үлкен жетістіктерге, жарқын сәттер мен ұмытылмас шараларға толы студенттік өмір.
АЭжБУ «Өмір бойы білім алу» қағидатын ұстанады және Колледж – Бакалавриат – Магистратура – PhD докторантура – МВА – инженерлік және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру сияқты білім берудің үздіксіз циклын іске асырады.
АЭжБУ дипломы – сапа мен жұмысқа орналасу кепілі!
Университеттің барлық қызметі студенттер үшін, олардың жеке тұлға ретінде дамуларына және кәсіби маман иесі атануларына жағдайлар жасауға бағытталған.
АЭжБУ-дің ауқымды халықаралық байланыстары студенттер мен оқытушыларға серіктес жоғары оқу орындарында оқуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктер береді.
Талапкерлерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауларын, студенттер, магистранттар мен докторанттарға сәтті оқу, ал әріптестеріме басты міндеттерін атқаруда: еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде аянбай еңбек етулерін тілеймін.
Баршамызға биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылыс тілеймін.
Сауле Сагинтаева,
«АЭжБУ» КеАҚ ректоры, математика профессоры,
физика-математика ғылымдарының кандидаты,
экономика ғылымдарының докторы,
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі