• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру

1. Жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет жоғары оқу орындарымен көрсетіледі (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің өтінішін қабылдау:
1. АЭжБУ студенттік бөлімі; (жеке өзінің баруы немесе нотариалдық сенімхат арқылы жүзеге асырылады)
2. Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және даму министрлігінің “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация);
3. «электрондық үкімет» egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1. АЭжБУ студенттік бөлімі; (жеке өзінің баруы немесе нотариалдық сенімхат арқылы жүзеге асырылады)
2. Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы
1. Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі,сондай-ақ порталға жүгіну кезінде – 30 күнтізбелік күн.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау кезінде қабылданған күні     мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды  (ішінара   автоматтандырылған) немесе қағаз  түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:  қағаз түрінде.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу үшін құжаттың дайындығы көрсетілген орны туралы хабарлама жіберіледі.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі кезінде Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қажетті құжаттардың тізбесі:
 
         АЭжБУ-де:
 – жоғары оқу орнының басшысының атына 1 қосымшаға сәйкес өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалғаны немесе басқа себептер көрсетілген жағдайы жазылады (тегінің, атының, әкесінің аты өзгертілген (бар болған жағдайда), құжатты толтыру кезінде жарамсыздығы немесе қате болуы);
 – Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ( түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
 
Мемлекеттік корпорацияға:
1) 1 қосымшаға сәйкес жоғары оқу орнының басшысының атына өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалғаны немесе басқа себептер көрсетілген жағдайы жазылады (тегінің, атының, әкесінің аты өзгертілген (бар болған жағдайда) құжатты толтыру кезінде жарамсыздығы немесе қате болуы);
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ( түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Жоғары оқу орны таратылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы жоғары оқу орнының тұрғылықты жері бойынша архивке жүгінеді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде  тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде (немесе нотариалды сенімхатпен расталған оның өкілі) жүзеге асырылады.
 
Порталда:
1)  Жоғары білімнің жоғары оқу орны басшысының атына электрондық құжат нысанындағы өтініш 1 қосымшаға сай, онда білім туралы құжаттың жоғалғаны  немесе басқа себептер көрсетілген жағдайы жазылады ( тегінің, атының, әкесінің аты өзгертілген (бар болған жағдайда), құжатты толтыру кезінде жарамсыздығы немесе қате болуы); көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) басқа да себептер көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының 5 тармақта қарастырылған тізбесіне  сай құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, қызметкер өтінішті қабылдаудан бас тартады.