ОПҚ НАЗАРЫНА!


01.11.2023 Все объявления


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ «ЖОО үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының ЖОО ішілік кезеңіне (I кезең) қатысуға өтініш берудің басталғанын жариялайды.

        Конкурс жыл сайын екі кезеңде өткізіледі – ЖОО ішілік және республикалық. Конкурстың I кезеңі – ЖОО ішілік, 2022 жылдың 1 қарашасы мен 10 қарашасы аралығында өткізіледі.

        Конкурстың ЖОО ішілік кезеңіне келесі талаптарға сай келетін ОПҚ қатыса алады:

 1) ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;

 2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде АЭжБУда  кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер ағымдағы жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БҒМ АЖ) арқылы келесі конкурстық құжаттамаларын жібереді:

1.«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларының (бұдан әрі «Қағидалар») 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген (30.10.2020ж. № 466 өзгертулермен);

2.Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3.Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4.Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;

5.Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурс нәтижелерімен келіспеген Үміткерлер нәтижелер жарияланған күні апелляцияға береді.

ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссия бір жұмыс күні ішінде апелляция материалдарын қарайды және аппеляцияны ескере отырып, нәтижелерін жариялайды.

ЖЖОКБҰ комиссиясының оң шешімін алған үміткерлер II кезеңге қатысу үшін жіберіледі.

Конкурстың II республикалық кезеңі – 2023 жылдың 17 қарашасынан 15 желтоқсанына дейін өткізіледі, онда конкурс жеңімпаздары анықталады.

        Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2022.iac.kz сайтында жарияланатын болады.