2023-2024 оқу жылына оқытушы-профессорлар құрамындағы кафедра меңгерушісі лауазымдарына байқау


28.12.2023 Все объявления


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2023-2024 оқу жылына оқытушы-профессорлар құрамындағы кафедра меңгерушісі лауазымдарына байқау жариялайды

Сілтеме бойынша байқау кестесі

Байқауға қатысқысы келетін тұлғалар өтініш пен құжаттарды https://kkk.aues.kz АЭжБУ электронды платформасы арқылы 2024 жылғы 12 қаңтар сағат 18:00-ге дейін онлайн тапсырады (сканерлерген немесе анық фотоға түсірілген)

Қатысу жөніндегі нұсқаулық, байқау туралы ереже сілтеме бойынша қоса беріледі.

Оқытушы-профессорлар құрамындағы кафедра меңгерушілері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары сілтеме бойынша қоса беріледі.

Ғылым кандидаты және/немесе ғылым докторы дәрежесі бар тұлғалар үшін диссертация авторефератының бірінші және екінші беттерінің шифры мен қорғау мамандығының атауы көрсетілген сканерін (фотосуретін) қоса беру міндеттеледі.

Құжаттардың түпнұсқалары байқаудан өткеннен кейін, еңбек шартын ресімдеу кезінде ұсынылады.

АЭжБУ электрондық платформасына құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну байқауға қатысуға тіркеуден бас тарту үшін негіз бола алады.

Сұрақтар туындаған жағдайда жұмыс уақыты кезінде: 09:00-18:00 дейін Қызметкерлерді басқару бөліміне жүгінуіңізге болады: А-232 каб., тел.: +7 727 323 1175 (ішк. 6111, 6112) немесе hr@aues.kz электрондық поштасына.