Оқу орталығы директоры


Джексенбинов Дамир Жанатбекұлы

"...Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, тұтыну мен өндірістің инновациялық тәсілдерін дамыта отырып, қоршаған ортаға кері әсер етуін қысқартады." Рау Альберт Павлович - қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі бойынша вице-министр.

Сіздерді және сіздердің әріптестеріңізді «Энергия аудиті», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы», «Энергия менеджменті» бағыттары бойынша біліктілік арттыру немесе қайта даярлау оқуына қатысып, бекітілген үлгідегі сертификатты алуға шақырамыз.

ҚР 2012 жылғы 13 қаңтардағы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң талаптарына сәкес КЕАҚ АЭжБУ-де энергия аудиті, экспертиза энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, энергия менеджменті бағыттары бойынша біліктілік арттыру немесе қайта даярлау Оқу орталығы ашылды. Оқу орталығы Индустралды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен тіркелген (Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тіркелу туралы куәлік №KZ52VKY00000211). Сабақтар қатаң түрде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 404 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Энергия аудиті бағыты бойынша мамандарды қайта даярлау және (немесе) біліктіліктерін арттыруды оқытуға, білім деңгейі техникалық мамандықтар бойынша орта білімдіден төмен емес, тәжірбиелік жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес тұлғалар жіберіледі.

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын" жүзеге асыратын мамандарды оқытуға білім деңгейі техникалық мамандықтар бойынша энергетика және (немесе) архитектура, қала тұрғызу және құрылыс саласында техникалық жоғары білімді және тәжірбиелік жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес тұлғалар жіберіледі.

Энергия менеджменті бағыты бойынша мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыруды оқытуға техникалық және экономикалық жоғары білімді және тәжірбиелік жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес тұлғалар жіберіледі сонымен қатар мамандарды қайта даярлау және (немесе) біліктіліктерін арттыруға өнеркәсіптердің орта және жоғары буын жетекші тұлғалары да жіберіледі.

Сабақтарды университеттің жоғарғы білікті қызметкерлері (ғылым кандидаттары мен докторлары), сондай-ақ сәйкесті сертификаттары бар жақын және алыс таяудағы шет елдік мамандар өткізе алады.

Мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі бір маманды даярлау құны – (72 сағат) ҚҚС бірге 60 АЕК құрайды ал мамандарды қайта даярлау жөніндегі бір маманды даярлау құны – (120 сағат) ҚҚС бірге 90 АЕК (204 210 тенге) құрайды. Мамандардың біліктілігін арттыру бойынша сабақ өту кестесі 72 сағатты (2 апталық) және мамандарды қайта даярлау бойынша 120 сағатты (1 айлық) құрайды бұл кесте университет сайтында жеке файлмен көрсетілген. Оқу аяқталған соң бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.

Кадрлар құрамы


  • Оқу орталығы директоры - Джексенбинов Дамир Жанатбекұлы Кадрлық біліктілік көтеру. Тел.: 8(727) 2925480
  • "Жылу энергетикалық қондырғылар" кафедра меңгерушісі - Кибарин Андрей Анатольевич Техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Оқу-әдістемелік сұрақтар. Тел.: 8(727) 2929092
  • Специалист - Налибаева Жансая Iс қағаздарын жүргiзу. Тел/факс.: (727) - 2927481

Сіздерді шақырамыз:


Байланыс ақпараты


Адрес: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ.,
Байтурсынов көшесі, 126, A корпусы, 325 каб.
Телефон: 8(727)2925480; Email: djdamir@aipet.kz