«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ» атты ғылыми-техникалық журналы 2008 жылы құрылды және «Алматы энергетика және байланыс университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мерзімді баспа басылымы болып табылады.


«АЭжБУ хабаршысы» журналы қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде – 02.09.2010 ж. № 11124-Ж., Сериялық басылымдарды тіркеу жөніндегі халықаралық орталығында тіркелген, әрі ISSN – 1999-9801 халықаралық нөмірі берілді.
Журнал қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым және білім саласын бақылау жөніндегі комитеті тарапынан ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылған (ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2012 жылғы «10» шілдедегі № 1082 бұйрығына 1 қосымша) 2013 жылдан бастап «Физика-математика ғылымдары» мен «Техника ғылымдары және технологиялар» (энергетика, ақпараттама, радиотехника және байланыс саласы) тараулары бойынша ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді.M
«АЭжБУ хабаршысы» журналы жылына 4 рет (әр тоқсан сайын) шығады. Жинағына жазылу «қазпошта» Ақ (индекс 74108) газеттер мен журналдар каталогы бойынша рәсімдеуге және мақала авторларына немесе басқа мүдделі тұлғалардың мекен–жайына тура баспадан таратуға болады.
Журналдың негізгі тақырыптық бағыты – электр энергетика, жылу энергетика, радиотехника және байланыс, автоматика, ақпараттық технологиялар, экология, өндірістік қауіпсіздік, сала экономикасы бойынша, негізгі және әлеуметтік ғылым, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру болып табылады.

Вестник
  • 2014 жылдың импакт факторы (ұғТАО)
  • 2013 жылдың импакт факторы (ұғТАО)
  • 2012 жылдың импакт факторы (ұғТАО)
  • 2011 жылдың импакт факторы (КазБЦ)
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image
    • image

  • Мақалалар үш тілдің бірінде: қазақша, орысша, ағылшынша – ашық баспада жариялауға рұқсат етілген, жұмыс орындалған мекеменің ұсынуымен (сараптамалық қорытынды) қоса ұсынылады. Жариялауға қабылданатын материалдар өзінің ғылыми және ақпараттық жаңалағы, тәжерибелік өзектілігі мен пайдалығы жағынан барлық қойылатын талаптарға жауап беру керек; мақала алғашқы рет немесе қолжазбаны рәсімдеу ережесіне толығымен сәйкес келу керек.
  • Мақалалар АЭжБУ кафедраларының мәжілістерінде талқыланады және кафедра меңгерушілерінің қолы қойылған ұсыныспен беріледі.
  • Мақала «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық рәсімдеу» МЕМСТ 7.5-98-ге сәйкес рәсімделуі тиіс.
  • Материалдар Word А4 редакторында, жоғарғы және төменгі – 2 см, оң жақ, сол жақ өрістері – 3 см, қаріпі Times New Roman, кегіл – 12, бірлік интервал арқылы электронды және парақ баспасында (1 дана) ұсынылу керек.
  • Бірінші парақтың сол жақ жоғарғы бұрышында МРНТИ (ғылыми-техникалық ақпараттардың халықаралық рубрикаторы) коды;
  • жартылай қарайтылған кіші әріптермен автордың (авторлардың) аты-жөні, содан кейін келесі жолда жұмысты орындаған автордың жұмыс істейтін қаласы, елі және ұжымының атауы;
  • жарияланатын мақаланың аты (жартылай қарайтылған бас әріптермен, кегь № 12, ортада);
  • мақалаға (100-150 сөзден тұратын, жарияланатын материалдың тілінде, кегль №11) аңдатпа;
  • тақырыбы бойынша түйін сөздер (шамалы 6 сөз немесе 3-4 сөз тіркестері, кегль № 11);
  • мақала мәтіні (кегль № 12);
  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ – «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. құрастырудың жалпы талаптары және ережесі» МЕМСТ 7.1-2003 сәйкес (12 атаудан аспайтындай), жасалған сілтемелер мәтіндегі ескертулеріне қарай орналастырылады;
  • БАСҚА ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНА арналған ағылшын тіліндегі әдебиет тізімі (REFERENCES) мақалада шетел әдебиеті бар ма, жоқ па, қарамастан, орыс тіл әдебиетін қайталап толық жеке блокпен жазылу керек. REFERENCES- те бөлектейтін («//» және «–») таңбалары қолданылмайды. әдебиет атауы курсив, одан кейін жартылай қарайтылған шрифтпен – басылым жылы, одан кейін басылым нөмірі, парақтар нөмірі және шығыс деректер (барлығы үтір арқылы) жазылады. Соңында жазылған мақаланың тілі жақша ішінде көрсетілу керек;
  • мақала тілінен басқа екі тілде жазылған түйіндеме (100-150 сөзден). Парақ бетінің ортасында:
    1) мақала атауы;
    2) авторлары;
    3) ұйым атауы; азат жолдан – Аңдатпа, содан кейін – Түйін сөздер (кегль № 11) жазылады.
  • Суреттер және кескіндемелер, оларға сілтеме жасалған соң, қысқартусыз мәтін бойынша орналастырылуы қажет, мысалы: «1 сурет – Атауы (сурет астында)». Суреттер Paint (Painbrush) режімінде орындалады. Кескіндемелер, диаграммалар, гистограммалар - 300dpi кем емес рұқсатпен Microsoft Excel режімінде. Математикалық, физикалық және басқа белгілер мен формулалар (Microsoft Equation) - формулалар редакторы режімінде, көлбеу қаріппен теріледі және ортасына орналастырылады. Формула нөмірлері беттің оң жақ шетінде дөңгелек жақшаларға қойылады.
  • қолжазба мәтініне енетін аңдатпа, түйіндеме, кестелер мен суреттердің көлемі, жалпы көлемнен 5-8 беттен аспайтындай болу керек.
  • Мақалаға барлық авторлар міндетті түрде қол қояды (4 автордан аспау керек), мәтіннің әр бетіне оң жақ төменгі бұрышына күні, айы және жылы қойылады. Журналдың техникалық редакторы мақаланы өңдеген жағдайда, мақаланың тапсырған уақыты редакцияға соңғы нұсқасы түскеннен кейін ескеріледі. Журналдың бір нөмірінде бір автордың екі мақаласын жариялауға рұқсат етіледі.
  • Жеке бетте авторлар туралы мәліметтер: аты-жөні толық, пошта адресі, e-mail, жұмыс орны, лауазымы, қызмет және үй телефондары келтіріледі.
  • Мақала тақырыбына жақын салада зерттеулер жүргізіп жүрген және редакциялық ұжымының құрамына кірмейтін 2 (ішкі және сыртқы) тәуелсіз ғалымдардың пікірі мақалаға берілу керек.
  • әр мақалаға жариялауға болады деген ғЖ жөніндегі проректоры бекіткен эксперттік қорытынды берілу керек.
  • Эксперттік қорытындының негізінде редколлегия материалды ұсынылған түрінде жариялауға; тағы да толықтыруға (түзетуге) ұсыныс жасауы; не мүлдем қайтарып беруі мүмкін.
  • Авторға толықтыруға жіберілген қолжазба түзетілген түрде 10 жұмыстық күннен аспайтындай мерзімде қайтарылады. Уақыты өтіп кетсе, жаңадан түскен мақаладай қарастырылады. қайта өңделген қолжазбаға пікір берушілердің ескертулерін орындағаны туралы авторлар хаты ұсынылады.
  • Пікір берушіден теріс жауап алған қолжазба жариялау талаптарына сәйкес келмейді деп қабылданбайды. қолжазба авторларға қайтарылмайды. Мақала жариялауға жіберілмеген себептеріне қатысты редакция автормен хат алыспауға құқылы. Редакция (Баспа) мақаланы қажетті жағдайда түзетуге және қысқартуға құқығын өзіне қалдырады. Автор мақаласы шыққаннан кейін көшірмесін PDF форматында шығарып алады. Баспалық этиканы сақтап, редакцияда автордың келісімінсіз жұмыс барысын бастамайды (жұмыстың жетістіктері, кемшіліктері, ескертулері мен оның түзетулеру туралы ешкіммен талқыламайды, ішкі пікірмен таныстырмайды).
  • Біздің жоғары оқу орнынан тыс авторларға бір мақаланың құны 4000 теңгені құрайды. Пікір теріс болған жағдайда сомасы қайтарылмайды. Төлемді қолма-қол ақшамен (АЭжБУ кассасы арқылы) немесе қолма-қол ақшасыз да төлеуге болады.
  • Әдебиеттерді тіркеу үлгілері (әліпбилік ретпен!)

    «Алматы энергетика және байланыс университеті» Коммерциялық емес Ақ

    050013, Алматы қ., Байтурсынұлы көшесі, 126

    ИИК KZ608560000000005121 в АО «Банк ЦентрКредит», Алматы қ.

    БИК KCJBKZKX

    БИН 030 640 003 269

    КБЕ 17, КНП 851

    Түбіртек көшірмесі немесе төлем тапсырмасы журналдың редакция бөліміне ұсынылады немесе электрондық пошта арқылы (vestnik08@mail.ru) жіберіледі.