«Алматы энергетика және байланыс университетінің» ҚеАҚ электр энергетика факультеті құрылу тарихы 1960 жылдан басталады. қазақ политехникалық институтында «Өндірістік кәсіпорындарды электрлендіру» бітіртуші кафедрасы құрылды. Осы кафедраның негізінде 1961 жылы «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау», «Жылулық электр стансалары» атты екі жаңа бітіртуші кафедралары ашылды. 1975 жылы «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» және «Жылулық электр стансалары» кафедралардың негізінде Алматы энергетикалық институты ұйымдастырылды, мұнда электр энергетика факультеті құрылды.

Электр энгергетика факультеті 40 жыл бойы электр энергетика бағыты бойынша 9000-нан астам жоғары білікті маман оқытып шығарды.

Электр энергетика факультетінің түлектері KEGOC АҚ (ұлттық жүйелік операторы), «Самрук-Энерго» АҚ (энергетикалық активтерді басқаратын холдинг), «Қазақстан темір жолы» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ, «ТенгизШевроил» ЖШС, «АлатауЖарыкКомпаниясы» АҚ (Алматы облысы мен Алматы қаласының таратушы электр тораптары), «АлЭС» АҚ (Алматы қ. электр стансалары), «Атырау-Жарық» АҚ (Атырау облысы мен қаласының таратушы электр тораптары) және т.б. ірі жүйе құраушы компанияларда жұмыс істеп және басқарушы қызметтерін атқарып жүр.

2004 жылда 5В071800 – «Электроэнергетика» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау басталды.

2008 жылдан 6М071800 – «Электроэнергетика» мамандығы бойынша магистранттарды дайындай бастады.

2010 жылы екі жаңа мамандықтар 5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» және 5В073100 – «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» ашылды.

Қазіргі уақытта факультетте 1200-ден аса студент және 80-нен аса магистрант оқиды, 120-дан аса оқытушы, оның ішінде 12 доктор және 50 аса техника ғылымдарының кандидаты жұмыс жасайды.

Факультет деканы

Саухимов Алмаз Абжалиевич
«Электр стансалары, тораптары, және жүйелері» кафедрасының Ph.D докторы

Байзакова Сая Мухтаровна

Декан орынбасары
аға оқытушы

Мананбаева Светлана Евгеньевна

Декан орынбасары
аға оқытушы

Мукашева Райгуль Толеухановна

Декан орынбасары
аға оқытушы

Мейрбекова Меруерт Мейрбековна

Деканның №2А жатақхана жұмыстары бойынша орынбасары

Арзуева Сания Турсуновна

Ж.о.с. маманы

Мукашева Гаухар Маратовна

Ж.о.с. маманы

2014 жылдан 6D071800 – «Электр энергетика» мамандығы бойынша Ph.D докторантура оқытылатын болды. Оқу барысының сапасын арттыру және инновациялық технологияларды енгізу мақсатында электр энергетика факультетінің кафедралары келесі шетелдік серіктестермен: Москвалық энергетика институты (РФ, Мәскеу қ.), Таллин Технология университеті (Этония, Таллин қ.), Siemens (Германия), ABB (Швейцария), ELPROS (Словения), Legrand (Франция), Томск политехникалық университеті (РФ), «Жоғары кернеулі тұрақты токтарды тарату бойынша ғылыми-зерттеу институты» (Санкт-Петербург, РФ), Технологиялар мен байланыс ұлттық зерттеу институты (Мәскеу, РФ) өзара әрекеттесіп тұрады.


«АВВ»

Кафедра қызметкерлері электр энергетика факультетінің студенттері, магистранттарымен және докторанттарымен бірлесіп келесі ғылыми жұмыстарды жасады (соңғы 5 жыл аралығындат ең маңызды ҒЗЖ төменде келтірілген):
«Қазақстанда НЭС тұрақтылықты қамтамасыз етуді меңгеру алгоритмдерін әзірлеу арқылы 220-500-1150 кВ ЭБЖ өткізу қабілетін автоматты басқарудың тиімділігін зерттеу» (1,2 кезең). Тапсырыс беруші KEGOC АҚ. «Атырау-Жарық» АҚ қалалық таратушы электр тораптарының реактивтік қуатын қарымталау» (1, 2, 3 кезең). Тапсырыс беруші «Атырау-Жарық» АҚ. «Түрлендірілетін қуат теңгерімін (балансын) өзгертуді ескеріп және Атырау ЖЭО Ақ іргелес торабындағы статикалық тұрақты режімдері мен қысқа тұйықталу токтарын есептеу». Тапсырыс беруші Атырау ЖЭО Ақ.
«Алматы облысы мен Алматы қаласының «АЖК» АҚ 0,4 кВ тораптарындағы электр энергия шығындарын өлшеу бойынша эксперименталдық зерттеу». Тапсырыс беруші «АлатауЖарыкКомпаниясы» АҚ.

Электр энергетика факультеті кафедраларының зертханалары заманауи электр техникалық жабдықтармен және Siemens (Германия), ABB (Швейцария), Schneider Electric (Франция), SATEC (Израиль), Legrand (Франция), ТОО «Овен» (РФ), Alageum Electric (Казахстан), Парма (РФ) компаниялары шығарған зертханалық стендтермен жасақталған.

Компьютерлік кластары жақын және алыс шет елдері мен қазақстанда энергетикалық саласында қолданылатын заманауи ґндірістік программалармен жабдықталған. DIgSILENT PowerFactory (Германия, динамикалық режімдерді үлгілеу), PSCAD (Канада, электр магниттік режімдерді модельдеу), EMTP (АқШ, ETAP орнықтырылған режімдерді есептеу), Wind Pro (Дания, жел электр станцияларының жұмыс барысын үлгілеу), RastrWin (РФ, электр режімдерін модельдеу), Mustang, Dakar (РФ, өтпелі процестерді модельдеу), TKZ (РФ, қысқа тұйық токтарын есептеу).

Факультет құрамында 6 кафедра:

Мекенжай: Алматы, А.Байтұрсынұлы көш. 126, Д-209 ғимараты

Телефон: +7(727)2920808, +7(727)2784347

Электрондық пошта: eef@aipet.kz. Instagram:eef_aupet