"Радиотехника және байланыс" факультеті 1987 жылы құрылғанымен, «Радиотехника» және «Автоматты электробайланыс» факультетінде инженерлерді мамандық бойынша дайындау 1978 жылдың 01 қыркүйегінен бастап электротехника факультетінің негізінде бастау алды. «Өнеркәсіптік электроника» кафедрасы 1978 жылы тамыз айында құрылып, кафедра меңгерушісі А.Т. Ахмадиев және О.З. Рутгайзер, Е.В. Малишевский, А. Берикулы сынды оқытушылармен кадрлық құрамның және факультеттің лаборатоиялық базасының құрылуына негізін салды.

1981 жылы «Радиотехника және байланыс» бітіруші кафедрасы құрылды. 1983 жылы мамандардың алғашқы түлектері бітіріп шықты. 1986 жылы студенттердің контингентінің өсуіне байланысты «Автоматты элетробайланыс» атты жаңа факультет пайда болды. Кейінгі жылдары факультетте бірнеше жаңа мамандықтар ашылды, атап айтқанда, 1988 жылы «Өнеркәсіптік электроника» 2000 жылы «Электронды жүйелер мен технологиялар» мамандығы болып қайта құрылды; 1989 жылы «Радиобайланыс, радиотарату және теледидар»; 1992 жылы «Байланыстағы экономика және менеджмент»; 1995 жылы «Көпарналы телекомуникациялық жүйелер» атты мамандықтар. 2004 жылдан бастап факультетте «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» және 2011 жылдан «Аспап жасау» мен «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтары бойынша бакалавр және магистрантарды дайындау басталды.

Қазіргі таңда радиотехника және байланыс факультетінде 1402 студент және 125 магистрантқа жуық, сонымен қатар 16 шетелдік студент оқиды. Факультет құрылғалы бері тек күндізгі оқу бөлімінен 3500 маман бітіріп шықты. Факультеттің көптеген түлектері телекоммуникациялық және ақпараттық сала бойынша алдыңғы қатарлардан орын алады. Атап айтсақ, А.К. Жумагалиев – ҚР байланыс және ақпарат министрі, Р.Р. Нуршабеков – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, А.В. Лезговко – «Қазақтелеком» АҚ басты техникалық директордың орынбасары, И.Б. Крупский – «Қазақтелеком» АҚ «Қашықтағы байланыс» бірлестігінің «Ғарыштық байланыс» орталығының директоры, Е.В. Андрусевич – Қазақстандағы «MCI World Com» компания өкілінің директоры, А.Н. Афанасьев – «Marcom Computer» компаниясының президенті, С.А. Швалов, В.В. Кошелев, М.А. Кругов – «Logy Com» ЖШС президенті және вице-президенттері, П.Г. Калашников АЛСИ-дің әкімшілік директоры, Ю.Ю. Ким – «ICON» ЖШС директоры.

РТжБФ деканатының ұжымы

Факультет деканы

Медеуов Улукбек Идрисович
техника ғылымдарының кандидаты, доцент.

Оразалиева Сандугаш Кудайбергеновна

Декан орынбасары
аға оқытушы

Кожабаева Индира Байжумановна

Декан орынбасары
аға оқытушы

Жумаканов Тулеген Майкыевич

Декан орынбасары
аға оқытушы

Кажиева Асель Аманбековна

Маман

Манкеева Фариза Ерболовна

Маман

Қазіргі таңда радиотехника және байланыс факультетінде 1402 студент және 125 магистрантқа жуық, сонымен қатар 16 шетелдік студент оқиды. Факультет құрылғалы бері тек күндізгі оқу бөлімінен 3500 маман бітіріп шықты. Факультеттің көптеген түлектері телекоммуникациялық және ақпараттық сала бойынша алдыңғы қатарлардан орын алады. Атап айтсақ, А.К. Жумагалиев – ҚР байланыс және ақпарат министрі, Р.Р. Нуршабеков – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, А.В. Лезговко – «Қазақтелеком» АҚ басты техникалық директордың орынбасары, И.Б. Крупский – «Қазақтелеком» АҚ «Қашықтағы байланыс» бірлестігінің «Ғарыштық байланыс» орталығының директоры, Е.В. Андрусевич – Қазақстандағы «MCI World Com» компания өкілінің директоры, А.Н. Афанасьев – «Marcom Computer» компаниясының президенті, С.А. Швалов, В.В. Кошелев, М.А. Кругов – «Logy Com» ЖШС президенті және вице-президенттері, П.Г. Калашников АЛСИ-дің әкімшілік директоры, Ю.Ю. Ким – «ICON» ЖШС директоры.

ҚР БжҒМ Ұлттық аккредитациялық орталығы 2012 жылы АЭжБУ «Алматы энергетика және байланыс универстеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ішінен 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация бакалавриаттың мамандығы бойынша І орын алды» деген мазмұнда сертификат тапсырды.

Факультет лабораториялық база, аудиториялар, білім және әдістеме технологиясының дамыған түрін қамтымасыз еткендіктен, сабақты жоғары оқу орындарының стандарттарына сай өткізуге толықтай мүмкіндік береді.

  • Оптикалық-талшық байланыс жүйесі лабораторийі;
  • DEGEM Systems, Iskratel, Panasonic, Intel, Siemens, Texas Instruments және жетекші әлемдік өндірушілердің құрылғыларымен жабдықталған 19 мамандандырылған оқу лабораторийлер бар.

Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жасаушымен қатар, негізгі университет компонентін және кадр тапсырысшылардың қалауын әрдайым назарға ала отырып жасалынады.

Жылдар бойы факультет оқытушылары және қызметкерлері ғылыми зерттеу жұмыстарын атқаруға белсенді түрде атсалысуда, атап айтқанда, радиоэлектронды аспаптар және ақпаратты-телекоммуникациялық жүйеге арналған құралдардың әзірлеу, Қазақстан Республикасының телекоммуникациялық қызметін нарықтық басқарудағы тиімділігін арттыру, дербес күн электростанциясын әзірлеу, жылжымалы байланыс құрылғыларының электромагниттік үйлесімділігі, қорек көзін қайталамалығын әзірлеу, Қазақстандағы ауыл байланыс мәселесін жүзеге асыруды зерттеу, нанотехнология мәселесін шешу және т.б.

Факультет Мәскеу байланыс және информатика техникалық университеті, Мәскеу энергетикалық институт (Техникалық университет), проф. Бонч-Бруевич атындағы Санк-Петербург мемлекеттік телекоммуникациялық университеті, «ЛЭТИ» Санк-Петербург мемлекеттік электротехникалық университеті, Н.Э. Бауман атындағы ММТУ, «Қазақтелеком» АҚ, «Таджиктелеком» ААҚ, Тәжікстан Республикасының «Телерадиком» ААҚ, «Astel», «АЛСИ», «Logicom», «K-Cell», «Alkatel», «Арна» АҚ, «K-mobile» атты жетекші ЖОО-мен және компаниялармен телекоммуникация саласында жемісті қызмет етіп келеді.

Кадрлық құрам: Факультетте ғылыми-әдістемелік жоғары деңгейде 18 профессор мен ғылым докторы сабақ жүргізеді.
Факультетте оқу процесін төрт кафедраның 180 қызметкері оның ішінде 123 профессорлы-оқытушы құрамы қамтымасыз етеді:

3 бітіруші кафедралар:

1 Жалпы білім беретін кафедра: