Алматы энергетика және байланыс университетінің сайтына қош келдіңіздер!

Сіз Қазақстан және Орта Азиядағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі - АЭжБУ-дың үлкен және тату командасының мүшесі болдыңыз.Алматы энергетика және байланыс университетінің даму тарихы 1960 жылы Қазақ политехникалық институтында инженер-энергетиктерді дайындайтын энергетика факультетінің ашылуымен тығыз байланысты. 1975 жылы факультет жеке ЖОО - Алматы энергетика және байланыс институты болып қайта құрылды. Осы сәттен бастап және бүгінгі күнге дейін АЭжБУ ұлттық білім беру жүйесі мен кеңестік дәуірде энергетика, аэроғарыш және IT салары үшін кадрлар дайындауда жетекші көшбасшы болып табылады.

Бүгінгі АЭжБУ - бұл сапалы және озық білім, өзекті ғылыми зерттеулер мен нақты студенттік жобалар.

Бүгінгі АЭжБУ – мемлекет пен академиялық қоғам мойындаған жоғары оқу орны, барлық білім беру бағдарламаларын аттестациялау мен аккредитациялау мұның дәлелі болып табылады.

АЭжБУ – бұл мемлекеттік органдарда басшы қызметтерде жұмыс істейтін 40 мыңнан астам табысты бітірушілер, олар экономиканың нақты секторының барлық деңгейлерінде жұмыс жасап, еліміздің экономика, ғылым және білім беру жүйелеріне үлкен үлес қосуда.

АЭжБУ - бұл оқуда және спортта жоғары жетістіктерге толы студенттік өмір, ұмытылмайтын іс-шаралар мен оқиғалар.

АЭжБУ – - «Өмір бойы білім алу» қағидасын ұстанады және Колледж – Бакалавриат – Магистратура –PhD Докторантурасы – МВА – инженерлер мен педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру бойынша үздіксіз білім беру циклын жүзеге асырады.

АЭжБУ дипломы – бұл сапа және табысты жұмысқа тұру кепілі!

Университеттің барлық қызметі студенттің жеке және кәсіби тұлға ретінде қалыптасуына жағдайлар жасауға бағытталған. АЭжБУ-да барынша жан-жақты халықаралық байланыс орнатылған және студенттер мен оқытушыларға серіктес - жооларында тағлымдамадан өтуге және білім алуға кең көлемде мүмкіндіктер береді.

Болашақ мамандығын дұрыс таңдаған талапкерлер мен студенттерге, магистранттар мен докторанттарға табысты оқу, ал әріптестерге, еліміздің нағыз азаматтарын тәрбиелеуде, алдына қойған жоғары миссияны орындауда жемісті еңбек, заман ағымына сай нақты мақсат қоя отырып, жетістіктерге жетуін тілеймін!

Сәуле Сағынтаева, «АЭжБУ» КЕАҚ ректоры

Алматы энергетика және байланыс университетінiң ректоры

Сагинтаева Сауле Саветовна,
математика ғылымдарының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Мекен жай: Алматы, А.Байтұрсынова көшесі 126

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Абдимуратов Жубыныш Суйнуллаевичтың ұялы нөмірі: +7(707) 600 64 93

Телефон: +7(727) 292 07 72
Факс: +7(727) 292 50 57

Электронды пошта: aipet@aipet.kz