«Энергетика және телекоммуникациялар салаларында зияткерлік еңбектің отандық және әлемдік нарық талаптарына жауап беретін жоғары білікті кадрлар дайындау»
Университет миссияны орындауға бағытталған мынадай мақсаттар мен міндеттерді айқындады.

    АЭжБУ мақсаттары:
  • білім беру қызметтерінің жоғары сапасы негізінде тұтынушылардың қазіргі және алда болуы мүмкін сұраныстарын қанағаттандыру;
  • ЖОО-ның кадрлық әлеуетін жоғары білікті мамандармен көтеру және даярлықтың песпективті бағыттары бойынша зертханалық база құру;
  • еңбек нарығына, шетелдерді қоса алғанда, қажет мамандарды жаңа білім беру бағдарламалары бойынша даярлау спектрін кеңейту;
  • ғылым, білім беру, жаңа технологияларды ендіру салаларында өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • жастарды азаматтық және отаншылдық рухта, саналы және адамгершілігі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу.
    АЭжБУ міндеттері:
  • даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруды тұрақты түрде жетілдіріп отыру;
  • оқушылардың, тапсырыс берушілердің, әлеуетті тұтынушыларды қоса есептегенде, қазіргі және алда болуы мүмкін сұраныстарын жоспарлы түрде зерттеу;
  • қоғамның жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімді, білікті мамандарға және жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыру;
  • қоғамның интеллектуалдық әлеуетін және білім беру сапасын көтеруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • ғылыми сараптамалық және консалтингілік қызметтер, жобалау- конструкторлық және технологиялық жұмыстардың орындалу спектрін кеңейту;
  • оқушыларды әлеуметтік қорғау, тұлғаның үйлесімді дамуы үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар мен бағыттарды айқындау және жетілдіру;
  • оқу-әдістемелік, ғылыми-зертханалық және материалдық-техникалық базаны жоспарлы түрде нығайту және жаңарту;
  • ЖОО қызметінің нәтижелерін халықаралық сапа менеджменті жүйесі стандарттары негізінде тұрақты түрде жақсартып отыру.

Мекенжай: Алматы, А.Байтұрсынұлы көш. 126

Телефон: +7(727) 292 07 72
Факс: +7(727) 292 50 57

Электрондық пошта: aipet@aipet.kz