Ғылыми іс-шаралар
  • ҚР БҒМ-ның бұйрығымен АЭжБУ наурыз айында «ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ» бөлімі, Электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша ҚР БҒМ СҒЗС Республикалық конкурсын өткізді.
  • ҚР БҒМ-ның бұйрығымен АЭжБУ сәуір айында жоғары оқу орындары студенттері арасында«ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ» бөлімі, «Жылу энергетика» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы ұйымдастырып өткізді.
  • «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне қатысу үшін жобалар іріктелді. Оның ішінде 5 жоба республикалық конкурстық турдан өтті.Жобалардың ішінде ғылыми жетекші – К.С. Ивановтың жобасы «ЭКСПО 2017» көрмесіне көрсетілімге қабылданды.
  • Братислава қ. Энергетикалық орталығы мен АэжБУ-дың қатысуымен консорциум жасалды. Осы келісім аясында Семей және Өскемен қалаларының көшелерінде энергиялық тиімді жарықтандыруды енгізу бойынша бірлескен шарт жасалды.
  • БҰҰДБ мен бірге Қазақстанда энергиялық тиімді жарықтандыруды дамыту және жайы бойынша Республикалық семинар өткізілді (Қазақстан аумағында онлайн-тарнсляциямен).
  • «Еуразиялық технологиялық тұғырнама» «Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – бәсекеге қабілетті жаһандық өнімдер» консорциумы жасалды. Құрушылар қатарында: «АЭжБУ, Астана қ. «Қазақстан ғарыш Сапары ҰК» АҚ, Мәскеу қ. «Халықаралық ғарыштық технологиялар» АҚ, Мәскеу қ. «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті», Минск қ. «Беларусь мемлекеттік университеті» және т.б.
  • British Council және ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ мен бірлесіп ұйымдастырылған«Ньютон – Аль-Фараби» серіктестік бағадарламасының конкурсына АЭжБУ ғылыми топтары қатысты.
  • Байланыс ақпараты:

    Алматы, А.Байтұрсынұлы көш. 126, A - 219 ғимараты
    8 (727) 292-90-55
    aipet@aipet.kz

    (Ғылым департаменті үшін деген «Тақырыптық» жолға сілтемемен)