Energo University студенті-БҰҰ форматы бойынша пікірсайыс турнирінің үздік спикер-делегаты

Energo University студенті-БҰҰ форматы бойынша пікірсайыс турнирінің үздік спикер-делегаты


03.05.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University студенті Расул Ким Тұран университетінің базасында өткен БҰҰ форматы бойынша пікірсайыс турнирінде Үздік спикер-делегаты атанды.

Іс-шараға әр түрлі елдердің 300-ден астам делегаттары мен өкілдері, соның ішінде БҰҰ, АҚШ, ҚХР, Иран, Польша, Түркия ресми өкілдері қатысты.

Пікірталас барысында келесі мәселелер қарастырылды: "Азаматтық қоғамды басқару технологиясы ретінде қоғамдық қатынастарды әлемдік саясаттандыру" және "Мемлекеттік құрылымдарға деген сенім деңгейінің төмендеуі " (Turan model of United Nations).

Energo University "Электр энергетикасы" мамандығы бойынша 2-курс студенті Расул Ким Үздік спикер-делегат болып танылды, ол осылайша шешендік шеберлігі мен халықаралық геосаясат білімін көрсетті. Оның пікірсайысқа қатысуы оқытушы Д.Б.Рыскильдинованың "Әлеуметтік-саяси білім модулі"  білім беру курсынан өту шеңберінде өтті.