• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Дәстүрлі әндердің майталманы «Руханият» клубында қонақта

Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында 11.04.2018 жылы АЭжБУдың № 1-ші оқу залында 12:30 -14:00 аралығында Руханият клубының кезекті отырысында ҚР еңбек сіңірген әртісі Әмре Қашаубаев атындағы Республикалық сайыстың жүлдегері, Самарқанадта өткен шығыс әуендері халықаралық сайысының жүлдегері, Құрмет орденінің иегері Стамғазиев Рамазан Өмірәліұлы қонақта болды. Кездесуге 2-ші курс студенттері мен Рухани және дене тәрбиесі кафедрасының ұстаздары қатысты. Сұхбат барысында қонағымыз өзінің өмір жолын айта келе, шығармашылық жетістіктерімен бөлісті. Студенттер тарапынан берілген сұрақтарға қонағымыз жүйелі түрде жауап қайтарып, соңынан домбыра әуенімен жалғап отырды. Дәстүрлі әндерден Т. Шапай әні «Дариға дәурен», «Қапездің әні» Илия Жақановтың «Түнгі сыр» әндерін орындады. Тыңдармандар қонағымыздың әндерінен терең ойлы әсер алды. Кездесу соңы фотосуретке түсу шараларымен аяқталып, студент жастар ризашылығын білдірді.

Рухани және дене тәрбиесі кафедрасы