Energо University-де Республикалық студенттік спорт лигасы аясында Алматы дивизионының футзалы бойынша финалдық ойындары өтті

Energо University-де Республикалық студенттік спорт лигасы аясында Алматы дивизионының футзалы бойынша финалдық ойындары өтті


03.05.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Республикалық студенттік спорт лигасы аясында Алматы дивизионының футзалы бойынша екінші кезеңі аяқталды, оған еліміздің әртүрлі ЖОО-нан 32 команда қатысты: 24 ерлер және 9 әйелдер. Ойындар ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өтті, ал турнирдің қонағы футзалдан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы, әйгілі бразилиялық және әзірбайжандық футболшы көбінесе "Кака" лақап атымен танымал- Паулу Рикарду Фигейра Силва болды.

Табанды күрестің нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:

Ерелер командалары арасында

1-орын - SDU University

2-орын- Energo University

3-орын - Қазақ спорт және туризм академиясы

4-орын - С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

5-орын- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Әйелдер командасы арасында

1-орын- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

2-орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

3- орын- Қазақ спорт және туризм академиясы

4-орын- І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

5- орын– «Тұран» Университеті.

Жеңімпаз командалар Алматы дивизионын республикалық жарыстарда таныстырады.