• Алматы, Байтұрсынұлы, 126/1
  • +7 (727) 323 11 75

Марат Нұрғожин Ұлттық ғарыштық зерттеулер орталығын басқарды

Марат Нұрғожин “Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы”АҚ басқармасының төрағасы болды. Бұл туралы Орталық сайтында хабарланды.

Марат Нұрғожин 1957 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген. Әр жылдары Қарағанды политехникалық институтында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, Білім және ғылым министрлігінде, “Самғау “Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі” АҚ, “Қазақстан Ғарыш Сапары “ҰК” АҚ жұмыс істеді.  2019 жылғы сәуірден бастап желтоқсанға дейін цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі (цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) қызметін атқарды. 2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды.

Left Menu Icon