• Алматы, Байтұрсынұлы, 126/1
  • +7 (727) 323 11 75

Магистратура

Радиотехника,
электроника және
телекоммуникациялар

Автоматтандыру
және
басқару

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламасы  сәйкес мамандығы бойынша «Магистр» академиялық дәрежесін беретін басқару және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған.
Бейінді магистратура

күндізгі, ақылы негізде.
Оқу мерзімі  – 1.5 жыл

Ғылыми-педагогикалық магистратура

күндізгі, мемлекеттік бюджет және ақылы негізде.
Оқу мерзімі  – 2 жыл

– 3 шілде – 31 шілде. Магистратураға құжаттарды қабылдау
 – 10 тамыз – 20 тамыз. Магистратураға түсу емтихандары
 – 10 тамыз – 15 тамыз. Шет тілі бойынша түсу емтихандары
 – 16 тамыз – 20 тамыз. Мамандық бойынша түсу емтихандары

Қабылдау үшін құжаттар

  1. ректордың атына өтініш;
  2. жоғары білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  3. шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
  4. кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) (бар болса);
  5. алты фотосурет (3×4 сантиметр мөлшеріндегі);
  6. 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы (флюорография түсірілімімен);
  7. жеке куәлігінің көшірмесін;
  8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
  9. келісім-шарт жасасуды және ақылы негізде оқуға түсетін тұлғаларға шығындарды төлеуге кепілдейтін хат;
  10. тіркеу куәлігінің көшірмесі (ер балалар үшін);
* Көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Оқу ақысы

профиль бағыты

ШифрМамандықтар атауыҚЗ ЖОО студенттері үшінШет студенттер үшін
1 курс2 курс1 курс2 курс
6М070200Автоматтандыру және басқару700000 тг350000 тг1100000 тг1200000 тг
6М070300Ақпараттық жүйелер700000 тг350000 тг1100000 тг1200000 тг
6М070400Компьютерлік аппаратура және бағдарламалық қамтамасыз ету700000 тг350000 тг1100000 тг1200000 тг
6М071600Аспап жасау700000 тг350000 тг1100000 тг1200000 тг
6M071700Жылу энергетикасы700000 тг350000 тг1100000 тг1200000 тг
6M71800Электр энергетикасы700000 тг350000 тг1100000 тг1200000 тг
6M071900Радиотехника электроникасы және телекоммуникация700000 тг350000 тг1100000 тг1200000 тг
6M073100Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі700000 тг350000 тг1100000 тг1200000 тг

ШифрМамандықтар атауыҚР ЖОО студенттері үшінШет студенттер үшін
1 курс2 курс1 курс2 курс
6М070200Автоматтандыру және басқару700000 тг750000 тг1100000 тг1200000 тг
6М070300Ақпараттық жүйелер700000 тг750000 тг1100000 тг1200000 тг
6М070400Компьютерлік аппаратура және бағдарламалық қамтамасыз ету700000 тг750000 тг1100000 тг1200000 тг
6М071600Аспап жасау700000 тг750000 тг1100000 тг1200000 тг
6M071700Жылу энергетикасы700000 тг750000 тг1100000 тг1200000 тг
6M71800Электр энергетикасы700000 тг750000 тг1100000 тг1200000 тг
6M071900Радиотехника электроникасы және телекоммуникация700000 тг750000 тг1100000 тг1200000 тг
6M073100Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі700000 тг750000 тг1100000 тг1200000 тг

Мемлекеттік бюджет орындарына конкурс


Магистратураға тиісті мамандықтар бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады. Университеттің магистратурасына азаматтарды қабылдау конкурс негізінде түсу емтихандарының нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. Магистратураға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, шетел азаматтарын қоспағанда, тек бір шет тілі бойынша ғана түсу емтиханын тапсырады.
Ескерту: Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары  магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл).
Шетел азаматтары қазақ немесе орыс (оқу тілі) бойынша емтихан тапсырады. Емтихан ҚР БҒМ әзірлеген әдістеме бойынша жүргізіледі.
Мамандық бойынша емтихан университеттің емтихандық комиссиясымен жүргізіледі. Емтиханды өткізу формасы қабылдау комиссиясымен анықталады.
Түсу емтихандары ағымдағы жылдың 10 тамыз бен 20 тамыз аралығында жүргізіледі.
Ескерту: Егер бейінді магистратура мамандықтарына түсушілердің жалпы саны ЖЖО-мен орнатылған – 8 адамнан кем болса, онда берілген мамандыққа қабылдау жүзеге асырылмайды. Түсушілерге сәйкес мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу ұсынылады.

 

 

Оқуға қабылдау


Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.
Толық ақылы негізде оқу үшін екі түсу емтихандарын оң бағаға тапсырған азаматтар қабылданады..
Оқуға қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
Left Menu Icon