• Алматы, Байтұрсынұлы, 126/1
  • +7 (727) 323 11 75

Докторантура

Радиотехника, электроника
және телекоммуникациялар
 – 3 шілде – 31 шілде. Докторантураға құжаттарды қабылдау
 – 10 тамыз – 20 тамыз. Докторантураға түсу емтихандары
 – 10 тамыз – 15 тамыз. Шет тілі бойынша түсу емтихандары
 – 16 тамыз – 20 тамыз. Мамандық бойынша түсу емтихандары

Докторантураға түсу үшін нені білу керек?


Докторантураға сәйкес мамандығы бойынша жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламасын игерген азаматтар ғана қабылданады.
Докторантура бағдарламасы бойынша оқу ғылыми-педагогикалық магистратураның бағдарламасын бітірген, кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар бітірушілер үшін жүргізіледі:
– докторантура – оқу мерзімі 3 жыл.
Оқу мемлекеттік бюджет және ақылы екі-үш жақты келісім-шарт негізде, келісім-шарт және төлем кестесі ыңғайлы шарттарымен жасалынған.
Республиканың жетекші техникалық жоғары оқу орнында заманауи жағдайларда сұранысқа ие жоғары сапалы жоғары білім ала аласыз.

Құжаттар тізімі:

  1. ректордың атына өтініш;
  2. жоғары білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  3. шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
  4. кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) (бар болса);
  5. алты фотосурет (3×4 сантиметр мөлшеріндегі);
  6. 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы (флюорография түсірілімімен);
  7. жеке куәлігінің көшірмесін;
  8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
  9. келісім-шарт жасасуды және ақылы негізде оқуға түсетін тұлғаларға шығындарды төлеуге кепілдейтін хат;
  10. тіркеу куәлігінің көшірмесі (ер балалар үшін).
* Көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Оқу ақысы

ШифрМамандықтар атауыҚЗ ЖОО студенттері үшінШет студенттер үшін
1 курс2 курс3 курс1 курс2 курс3 курс
6D071700Жылу энергетикасы1 307000 тг1400000 тг1500000 тг1500000 тг1500000 тг1500000 тг
6D071800Электр энергетикасы1 307000 тг1400000 тг1500000 тг1500000 тг1500000 тг1500000 тг
6D071900Радиотехника электроникасы және телекоммуникация1 307000 тг1400000 тг1500000 тг1500000 тг1500000 тг1500000 тг

Біздің мүмкіндіктер:


Докторантураға арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру Еуропалық Комиссияның TEMPUS және ERASMUS + InnoCENS халықаралық бағдарламаларының қолдауымен Еуропалық Одақтың (Швеция, Австрия) алдыңғы қатарлы университеттерімен бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Екі ғылыми кеңесшінің болуы (отандық және шетелдік) докторантты таңдаған салада іргелі дайындықпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықаралық ғылыми саладағы жаңа жетістіктерді өздерінің ғылыми зерттеулерінде қолдану мүмкіндігін береді.
PhD докторанттарды дайындау бағдарлама аясында университеттің – алыс шетел мемлекеттерінің серіктестері, беделді халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдарға қатысатын докторанттарға қатысу, жақын және алыс шетелдің ғылыми журналдарында ғылыми мақалаларды жариялауға байланысты докторанттардың ғылыми тәжірибесіне қаржы бөлінеді.
АЭжБУ-нің докторантурасы мен магистратурасына түсе отырып, үміткердің бірегей мүмкіндіктері бар:
 – кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс істейтін кәсіпорынның қажеттіліктерін қанағаттандыратын диссертация тақырыбын таңдауға;
 – Жоғары білікті кадрларды даярлау тәжірибесі бар АЭжБУ-нің профессор-оқытушылық қызметкерлерінен ғылыми жетекшіні таңдауға;
 – заманауи шарттарға талап етілген сапалы білім алуға.

Докторантураның мамандықтары

Оқу бағдарламалары топтарыБілім беру бағдарламасы
Байланыс және коммуникациялық технологияларРадиотехника, электроника және телекоммуникация
Электротехника және энергетикаЭлектротехника және энергетика
Жылу энергетикасыЖылу энергетикасы
Автоматтандыру және басқару
(Электр және автоматика)
Автоматтандыру және басқару
Механика және металл өңдеуАспап жасау
Ғарыш техникасыҒарыштық техника және технология
Left Menu Icon