• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жаңа бастамалар Алматы энергетика институты 1990- жылдардың басында

Республиканың жоғары білім беру жүйесінде орын алған қиыншылықтарға қарамастан институт өз имиджін сақтап қана қоймай, сауатты, тиімді және дер кезінде сол жылдардың тегеуріндеріне жауап қайтаруға тырысты.

АЭИ маңызы мен өзектілігі күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей тұрған ауқымды да кезек күттірмес бастамалардың жаршысы болды.  

Ректор А.Ф.Богатырев (1985-1984 жж.)

Бүгінде жоғары білім беру жүйесінің түпкі мақсаты жоғары білікті маман дайындаумен шектелмей, тәрбиелі, білімді, мәдениетті, ізгі құндылықтарды бойына жинақтаған тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

  • Алматы энергетика институты басшылығы мұны тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ терең түсініп бірден іске көшті.

 

1991/1992 оқу жылы әлеуметтік-гуманитарлық білім негіздері топтасқан кафедраларды біріктірген Гуманитарлық білім беру факультеті құрылды. Ректор А.Ф. Богатырев басшылық еткен институт ұжымының бұл бастамасы Қазақстан жоғары білім беру жүйесіндегі алғашқы тәжірибе болды.

Мемлекеттік тілді білу – парыз

  • Тәжірибе ретінде факультативтік сабақ түрінде енгізілген «Қазақ тілі» курсы, 1990/91 оқу жылы 216 сағат көлемінде барлық мамандықтардың оқу жоспарларына енгізілді. I, II, III семестрлерде сынақ тапсырылып, IV семестр емтихан тапсырумен аяқталды;
  • 1990/91 оқу жылының қараша айында өз алдына дербес, 6.5 бірлікті құраған «Қазақ тілі» кафедрасы құрылып, 1992/1993 оқу жылы ол 13 бірлікке жетті;
  • «ЛК-практикамен» жабдықталған 2 лингофон кабинеті ашылды;
  • қос тілді қазақ студенттері үшін «Жалғас» және қазақ тілін үйренуді енді ғана қолға алған басқа ұлт өкілдері үшін «Бастау» деп аталған бағдарламалар жұмыс жасады;
  • 1992 жылы АЭИ ПОҚ мен қызметкерлері үшін қазақ тілін жеделдетіп оқыту курстары (3 айлық мерзім, 72 сағат) ұйымдастырылды;
  • 1990/1991 оқу жылы 10.02 «Электрлік жүйелер және желілер» және 23.05 «Автоматтандырылған электр байланысы» атты екі мамандықта тұңғыш қазақ бөлімдері ашылды…

Шет тілін меңгеру – заман талабы
Бүгінде республикамызда қолға алынып отырған шет тілін меңгерген маман-кадрларды дайындауға АЭИ-да сол жылдары-ақ басымдық берілді

• 1991/1992 оқу жылы шет тілі I-II курстарда факультатив түрінде жүргізіліп, III-IV курстарда міндетті пән ретінде оқытылды. Бұл шет тілін меңгеруде үздіксіз білім алуды қамтамасыз етті.
• Студенттердің жеке сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ауызша сөйлеу, оқу, ғылыми-техникалық мәтіндерді аудару, іскерлік қатынас хаттар және патенттік іздестіру сияқты факультативтер жұмыс жасап, студент еркін таңдау мүмкіндігіне ие болды.
Бұл шара күні бүгінге дейін өзінің сабақтастығын жоғалтқан жоқ

Білім, ғылым және өндіріс интеграциясы
1991 жылдың қараша айында Алматы энергетика институтында «Инженерлік білім беру мен өндірісті интеграциялау» тақырыбында Бүкілодақтық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

Конференция барысында жұмыс істеген секция атаулары мен соған сәйкес көтерілген мәселелер топтамасы назар аудартады

Бүгін әлемдік білім беру, оның ішінде республикамыздың жоғары білім беру жүйесіндегі күн тәртібінен түспей тұрған өткір мәселелер осы конференция жұмысында қозғалды. Мәселен, үздіксіз білім беру тәжірибесі және проблемалар, инженерлік білім беруді ізгілендіру, білім, ғылым мен өндірістің интеграциялануы жағдайында оқу процесін ұйымдастыру.

Оқу үрдісіндегі маңызды шешімдер

  • Институт кафедраларына оқу процесінде пайдалану үшін АТК-1 телевизиялық кешені мен «Штудиотехник», слайд, плакат, фильм, стенд, видеомагнитофондар мен магнитофондар пайдалануға берілді;
  • бітіртуші кафедралар курстық және дипломдық жобаларды жазу барысында пайдаланатын МикроЭЕМ-ды қолдануға арналған әдістмелік нұсқаулықтар дайындап шығарды;
  • кешенді зертханалық жұмыстарды орындауға арналған жаңа әдістеме мен «Конструктор – радист» деп аталатын іскерлік ойын оқу процесіне енгізілді;
  • 1994 жылы компьютерлік сыныптар саны 14-ті құрады;
  • ауызша емтихан қабылдау жүйесі біржола тоқтатылды. Емтихандар жазбаша немесе тест түрінде тапсырылатын болды;
  • 1994 жылы институт басшылығының көптен бері қозғап келе жатқан техникалық жоғары оқу орындарында инженер мамандарды дайындаудың көп деңгейлі формасын енгізу туралы мәселе оң шешімін тапты.


Студенттерді ғылыми жұмысқа тарту – маман даярлаудың ажырамас бөлігі

Бүгін еліміздің ЖОО-да студенттерді ғылыми жұмысқа тарту, ғылыми жұмысқа қабілеті бар талантты жастарды іріктеу, оларды  ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау маман даярлаудың ажырамас бөлігіне айналып отыр. Республикамыздың жекелеген жоғары оқу орындары студенттерді ғылыми жобаларға тартуда қаржылай ынталандыру сыйлықтарын жасауды жолға қойған.

  • Бір таңқаларлығы, мұндай ынталандыру сыйлықақылары Алматы энергетика институтында сонау 1993 жылы-ақ басталған. Институттың 1993/1994 оқу жылғы есебіне сүйенсек, электротехниканың теориялық негіздері, физика, жоғары математика, қазақ тілі, сызба геометриясы және инженерлік графика кафедралары 1-2 курс студенттері арасында олимпиадалар, студенттердің оқу-зерттеу конкурсын өткізген. Институт бойынша бұл олимпиадаларға 233 студент қатынасып, 35 студент сыйлықақы алған. Оның ішінде 21 студент 70 – 200 теңге аралығында ақшалай сыйлықақыға ие болған.

Дайындағандар: Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Кабдушев Б.Ж., доцент, т.ғ.к. Байдильдина С.Х.

Иконка левого меню