• Алматы, Байтұрсынұлы, 126/1
  • +7 (727) 323 11 75

Жоғары оқу орындар аралық құрылым

«АЭжБУ» КеАҚ құрамына төмендегілер кіреді:

-Тұрақты даму саласында университеттердің Халықаралық Қауымдастығы – «Тұрақты даму туралы Таллуар декларациясына» қол қоюшылар;

-Орталық Азия ЖОО техникалық қауымдастығы;

-Қазақстан Республикасы және Беларуссия Республикасы жоо мен ҒЗИ арасындағы ғылыми-білім консорциумы;

-Инфокоммуникациялық технологиялар және байланыс жүйелері саласында Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ);

-Телекоммуникациялық ЖОО ректорларының халықаралық конференциясы;

-Энергетика саласында ШЫҰ университеттері;

-Ақпараттық технологиялар саласында ШЫҰ университеттері;

-ЖОО халықаралық консорциумы – «Инженерлік білім саласында инновациялық құзыреттілік пен кәсіпкерлік дағдыларды арттыру»

-«Erasmus Plus» халықаралық жоба қатысушылары, олардың аясында «Инновациялық жүйелер» және «Инженерлік істегі кәсіпкерлік» бағыты бойынша жаңа магистрлік бағдарламалар әзірленеді. Жоба мақсаты: Инженерлік білім саласында жаңа кәсіпорындарды, жаңа жұмыс орындарын құруды, Серіктес Елдерде экономикалық дамуды қолдау үшін «Университет-Бизнес» ынтымақтастығы арқылы инновациялықи құзыреттілік пен кәсіпкерлік дағдыларды арттыру.

-ЖОО халықаралық консорциумы – «Ғарыш кеңістігі мен зияткерлік роботтау жүйесін меңгеру бойынша қолданбалы оқу бағдарламасы» «Erasmus Plus» халықаралық жоба  қатысушылары.

Жоба үлестірушісі: Берлин техникалық университеті.

Жоба мақсаты: Қазақстанның, Беларусияның және Ресейдің мақсатты университеттеріне Ғарыш кеңістігі мен зияткерлік роботтау жүйесін меңгеру бойынша қолданбалы оқу бағдарламасын енгізу, ол осы саланың жаңа әзірлемелеріне және Болон процесі мен Еуропалық Одақтың 2020 Стратегиясына сай еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес іске асырылады.

Left Menu Icon