• Алматы, Байтұрсынұлы, 126/1
  • +7 (727) 323 11 75

Алматы энергетика және байланыс университетінің кітапханасы – Қазақстан Республикасының ең ауқымды техникалық кітапханаларының бірі.

Университет кітапханасының қызметі келесі классикалық постулаттарға негізделеді: баспа және электронды түрдегі ғылыми, білім беру және мәдени мұраларын жинау және сақтау, оқырмандарға ақпараттар мен мағлұматтардың зияткерлік қорларын ұсыну, оқу және ғылыми үрдістердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кітапхана 1997 жылы В.И.Ленин ат. Қазақ политехникалық институтының және Алматы энергетикалық институтының кітаптар қоры негізінде құрылды.

Кітапханада кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсету бойынша келесі 6 пункт жұмыс жасайды: абонемент, 3 мамандандырылған оқу залы, «Медиатека» электронды қорлар залы және №1 жатақханадағы  сабақтан тыс оқуға арналған оқу залы. Ғимарат ауданы – 1117м2 , жалпы орын саны   – 275,  компьютерлер саны – 33.

Кітапхананың жалпы кітапханалық қоры 598531 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 217303,  шетел тілінде 6147 дана. Жыл сайын жүзден астам журналдар мен газеттердің атауы жазылады.

Кітапханада 2005 жылдың қарашасынын бастап «РАБИС» автоматтандырылған кітапханалық жүйе негізінде электронды тізімдеме жүргізіледі. Электронды тізімдемеге университеттің кез келген компьютері арқылы кіруге болады.

 

Қызмет көрсету бөлімі абонементтер, оқу залдары және кітапханааралық абонементтер бойынша (КАА) студенттер, магистранттар, докторанттар, ОПҚ және университет қызметкерлері мен басқа ұйымдар мен мекемелердің оқырмандарына қызмет көрсетуді дифференциалды қағидалар негізінде ұйымдастырады.

Кітапханаға жазылу және оқу әдебиеттерін үйге алу абонементте (А-236)  ұйымдастырылған. Әдебиеттер пәндер бойынша (семестр, курс)  толық оқу мерзіміне беріледі және міндетті түрде жазғы демалыс басталғанға дейін тапсырылады.

Техникалық әдебиеттер залы (А-127)  18 000 данадан  астам кітапханалық қорға және  оқырмандарға арналған 120 орынға ие.

Е.М. Сыпатаев атындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер залы (А-127) әлеуметтік-гуманитарлық модульдегі пәндерді кітаптар және оқу материалдарымен қамтамасыз етеді.

Студенттер интернет және электронды ақпараттандырылған қорлар желісіне «Медиатека» (А-125) электронды оқу залы арқылы кіре алады, әрі онда «Алтын бет» оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің толықмәтіндік базасы мен СD-дисктердегі оқу әдебиеттерінің көлемді тізімдемесі орналасқан.  Университет кітапханасы РЖЭК-мен (Республикалық ЖООаралық электрондық кітапхана) ақпараттық  қызмет көрсету туралы шарты бар, ол ҚР ЖОО кітапханаларының біріккен ақпараттық қорларын пайдалануға мүмкіндік береді. Ұлттық жазылымның арқасында  Scopus және  ScienceDirect, Clarivate Analytics базаларына кіру жүзеге асырылады.

Оқырмандар ақпараттық-библиографиялық залда (А-121)  қоғамдық-саяси және ақпараттық газеттер, кәсіби және ғылыми-практикалық журналдар  сияқты мерзімді басылымдармен таныса алады. Мұнда кітапханашылар оқырмандарға ӘОК, ҒТАМР индекстерін анықтауға, тақырып бойынша әдебиеттер таңдауға, кітап жаңалықтары туралы толық ақпараттар алуға көмектеседі.

№1 жатақханада кешкі уақытта сабақтан тыс оқуға арналған Оқу залы жұмыс істейді.

Кітапхана жастардың мәдени және рухани тәрбиесінің орталығы. Мұнда «Ұлағат» және «Ғибрат»   студенттік көркем-әдеби клубтармен бірлесе әдеби кештер, танымал тұлғалармен кездесулер өткізіледі. Кітапханада көрме жұмыстары белсенді өткізіледі, атап айтқанда кітапхананың оқу залдары мен   университеттің холлдарында жиі болып тұрады.

Left Menu Icon