• Алматы, Байтұрсынұлы, 126/1
  • +7 (727) 323 11 75

ҒАРЫШ ИНЖEНЕРИЯСЫ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ИНСТИТУТЫ

Балбаев КТИТ

Бүгінгі күні Ғарыш инженериясы және телекоммуникациялар институты (ҒИТКИ) заманауи ғылым-білім беру кешені болып табылады. Яғни Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен бірге шет елдерде кеңінен қызмет көрсетіледі. Университет жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар дайындауға бағытталған. Жаңартылған материалды-техникалық база, білікті кадрлар, Қазақстанның жетекші компанияларымен тығыз байланыс жасау, әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс жасайтын біздің бітіруші түлектердің  лауазымды өсуінің басты негізі болып табылады.

Институтта тек қана біздің республикамыз емес, шет елдер де танымал ғылыми ұжым жұмыс істейді. Мамандарды дайындаудың жоғары деңгейі ҒИТКИ студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының  ЖОО арасындағы, аудандық және халықаралық жарыстарға, олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға қатысуларының нәтижелерімен дәлелденеді. ҒИТКИ-да дәстүрді сақтап және дамуды жетілдіруді үйретеді.

Сіздерді күметіз!

Балбаев Ғани Құдайбергенұлы

Ғарыш инженериясы және телекоммуникациялар институты директоры

Институт туралы ақпарат

Ғарыш инженериясы  және телекоммуникациялар институты (ҒИТКИ) КЕАҚ «АЭжБУ» құрылымдық бөлімі ретінде 2017 жылы құрылды. Бұған дейін институт 1987 жылы құрылған «Pадиотехника және байланыс» факултеті болған.

Қазіргі уақытта ғарыш инженериясы және телекоммуникациялар институтында күндізгі оқу бөлімінде  1040 және сырттай оқу бөлімінде 32 студент, 42 магистрант, 9 докторант білім алуда.

Ғарыш инженериясы және телекоммуникациялар институты ғарыш техникасы, робот техникасы, мехатроника, электроника және телекоммуникация саласында Қазақстан Республикасының негізгі кәсіпорындары үшін отандық және әлемдік нарықтағы зияткерлік еңбектің талаптарына жауапты  мамандарды дайындауды жүргізеді.

Институт келесі мамандықтар бойынша дайындық жүргізеді:

Бітірушілер жұмысқа орналасқан компаниялар мен компания серіктестері

Ғарыш инженериясы  және телекоммуникациялар институты (ҒИТКИ) шетелдің жетекші ғылыми орталықтарымен бірігіп жұмыс жасайды, Атап айтқанда: ААҚ «Ғылыми-өндірістік бірлестік «Андроидная техника», Винниц ұлттық техникалық университеті, М.Т. Калашников атындағы Ижевск мемлекеттік техникалық университеті (Ресей), Мәскеу инженерлік-физикалық институты (Ресей), Варна техникалық университеті,  Белосток техникалық университеті (Польша), Кассино және оңтүстік Лацио университеті (University of Cassino and Southern Latium) (Италия), Ұлттық зерттеу  Томск политехникалық университеті (Ресей),  Берлин техникалық университеті (Германия), Томас Мора университеті (Бельгия), Тохоку университеті (Япония). Сабақтар заманауи Iskratel, SIEMENS (Германия), ABB (Швеция), Maschinenfabrik Reinhausen  (Германия), Шнайдер Электрик, ЭКРА, ОВЕН (Россия), Panasonic, Intel, Texas Instruments жетекші компаниялардың талаптарына  сәйкес жабдықталған аудиторияларда өтеді, сондай-ақ студенттермен зияткерлік роботтарды өңдеу үшін радиомонтажды шеберхана іске қосылған – «Роботтардың халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасы».

Ғарыш инженериясы  және телекоммуникациялар институты (ҒИТКИ)  тек қана күндізгі оқу бөлімі бойынша 5000-ге жуық маман шығарды. Көптеген түлектер телекоммуникациялық және ақпараттық ұйымдарда жетекші орындарға ие. Олардың ішінде: Жұмағалиев А.Қ. – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Нұршабеков Р.Р. – ҚР ақпарат және байланыс бойынша Агенттік төрағасының бірінші орынбасары, Лезговко А.В. – «Казақтелеком» АҚ бас техникалық директорының орынбасары, Крупский И.Б. – «Казақтелеком» АҚ біріктірілген «Космическая связь» орталығының директоры, Андрусевич Е.В. –«MCI World Com» компаниясының Қазақстандағы өкілеттілігінің директоры, Афанасьев А.Н. – «Marcom Computer» компаниясының президенті, Швалов С.А., Кошелев В.В., Кругов М.А. – «Logy Com» ЖШС президенті және вице-президенті  , Калашников П.Г. – АЛСИ әкімшілік директоры, Ким Ю.Ю. – «ICON» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС – Beeline Казақстан директоры.

Left Menu Icon