• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институты

Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институты, 2017 жылы АЭжБУ ақпараттық технологиялар факультетінің базасында құрылды. Қазіргі таңда білім беру бағдарламалары бойынша өндірістік үрдістерді автоматтандыру, киберқауіпсізідік және ақпараттық технологиялар салаларының мамандарын дайындайды.
Бiздiң институт қазiргi заманға сай материалдық-техникалық база мен жоғары бiлiктi профессор-оқытушылар құрамымен қамтылған. Институтымыздың инфрақұрылымы 5 кафедраны, 28 оқу және ғылыми зертхананы, СISCO аймақтық академиясын, қазiргi бағдарламалауды мектебін, «Kaspersky Lab», «Oracle», «AXIS», «SIEMENES» оқу орталықтарын қамтиды.
Қазіргі дәуір – ақпараттық технологиялар дәуірі. Биылғы жылы БЖАТИ студенті атанған әрбір студентті қызықты өмір күтеді: қызықты мамандық, қызықты адамдар, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларға қатысу.
Сіздерді Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтында күтемiз.
Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының диркторы
Сайын Сейдинуожаевич ТАБУЛТАЕВ

Институт туралы

Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институты (БЖАТУ) 2017 жылы «Аэроғарыш және ақпараттық технологиялар» факультетінің негізінде құрылды,  АЭжБУ-дің жаңа «Д» корпусы ғимаратында 2010 жылы «Ақпараттық технологиялар» факультетінің құрылуымен тарихын бастайды. Сол жылы факультетте «Компьютерлік технологиялар және электроника» кафедрасының бірінші меңгерушісі Әлімжан Берікұлы ат.«Cisco» аймақтық академиясының оқу зертханасы ашылды. Институттың ең көне бітіруші кафедрасы 1988 жылы профессор Хисаров Болат Джантемирұлы құрған «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы (бұрын инженерлік кибернетика кафедрасы) болып табылады.

Институтта бакалаврларды дайындау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:

Институт құрамына 5 кафедра кіреді:

Компания серіктестері, түлектері жұмыс істейтін компаниялар

Автоматтандыру және басқару бағыты бойынша кәсіби қызмет саласы техникалық объектілермен басқару үшін ақпаратты өңдеу талаптарымен байланысты әдістер мен тәсілдер, технологиялық құралдар жиынтығы бар ғылым және техника, сондай-ақ басқару жүйелерін құру және қалыптастыру болып табылады.АҚЖ кафедрасының бітірушілері коммерциялық ұйымдарда ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бөлімдерінде, банктер мен муниципиалды мекемелерде, ақпарат және телекоммуникация саласының кәсіпорындары мен мекемелерінде,әлеуетті ведомстволарда жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ бітірушілер қауіпсіздік қызметі маманы лауазымына, ақпараттық қауіпсіздік әкімшісі (компьютерлік желілер әкімшісі), қорғалатын ақпараттық коммуникациялық желілерді  жобалаушы(оның ішінде ұйымдардың компьютерлік желілері) және деректер базасында жұмыс істей алады.
IT бағыты бойынша институтты бітірушілер мемлекеттік ұйымдармен қоса, желілік әкімшілікпен, деректер базасы әкімшілігімен, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен, ақпараттық жүйелердің бағдарламалық кешендерін тестілеумен және жөндеумен, есептеу техникасымен жұмыс істеумен, микропроцессорлық жүйелермен, компьютерлік және желілік технологиялармен байланысты кез келген компаниялар мен ұйымдар бөлімдерінде жұмыс істей алады.