АЭжБУ 2020 жылдың 23-24 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша қашықтық формада Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізеді.


13.04.2020 Все объявления


АЭжБУ  2020 жылдың 23-24 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша қашықтық формада Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізеді.

Республикалық пәндік олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі:

1) Электротехниканың теориялық негіздері;

2) Сызықты автоматты реттеу жүйелері;

3) Бейсызықты автоматты реттеу жүйелері.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақша, орысша.

Жоғары оқу орны  3 қатысушыдан аспайтын қатысушыларды ұсына алады, және жетекші оқытушыны.

Олимпиадаға қатысу үшін өтініштерді 2020 жылдың 15 сәуіріне  дейін тапсыру қажет.

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО келесі құжаттарды ұсынады:

1)    Олимпиаданың І кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе ІІ кезеңге қатысу үшін ұсыным хаттамасымен ресімделетін жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі;

2)    Нысан бойынша қатысушының өтінімі (1-қосымша);

3)    Жеке куәлік / паспорт (көшірме).

Ұйымдастырушылардың байланыс деректемелері:

Федоренко Игорь Анатольевич  – «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі,   i.fedorenko@aues.kz ,тел.: 8 701 715 7753

Аталыкова Альфия Кенесовна   «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы,  olimp_au@mail.ru,aaltu@mail.ru,тел.: 8707-218-65-88

Молдабекова Назгуль Кусаиновна -  Ғылым және коммерциаландыру департаментінің жетекші маманы,   n.moldabekova@aues.kz ,тел.: 8747-738-97-78

Олимпиаданың өтетін орны:  Алматы қ., А. Байтурсынов көш., 126/1,  Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті.

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар қатысушы ЖОО қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5B070200 Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша пәндік олимпиада ережесі

Олимпиада туралы ақпараттық хат 

Олимпиаданың қашықтық формасы туралы толық ақпаратты  қатысушылардың  өтініштері  өңделгеннен кейін электронды пошта арқылы жіберіледі.