Мұхаммед бен Заид атындағы жасанды интеллект университетінің стипендиясы (Біріккен Араб Әмірліктері).


09.04.2020 Все объявления


Мұхаммед бен Заид атындағы жасанды интеллект университетінің стипендиясы (Біріккен Араб Әмірліктері).

2020 жылы Әбу-Дабиде (БАӘ) Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университеті құрылды. Бұл жасанды интеллект саласындағы әлемдегі алғашқы зерттеу университеті. Қазіргі уақытта ол «Компьютерлік көру», «Машинамен оқыту», сондай-ақ  «Табиғи тілді өңдеу» (2021 жылдан бастап) мамандықтары бойынша магистратура (2 жыл) және аспирантура (4 жыл) бағдарламаларын ұсынады. Аталған академиялық бағдарламалар оқу, зерттеу жұмысы мен кәсіби қызмет арасындағы берік байланысты ескере отырып әзірленген.

Барлық қабылданған студенттер оқу, тұру, тамақтану, ұшу, медициналық сақтандыру және т.б. шығындарын өтейтін 100% стипендия алады.

Қабылдаудың соңғы мерзімі-2020 ж. 15 шілде. Университет туралы толық ақпарат және қабылдау өтінімінің формасы университеттің ресми сайтында орналасқан: https://mbzuai.ac.ae/.

Үміткерлер бағдарлама маманы Анастасия Трачқа atrach@iie.org  электронды мекен-жайы немесе +7 495 966 93 53 (Мәскеу Кеңсесі), +7 925 616 41 76 (ұялы) телефондары арқылы хабарласа алады.