Нұрсұлтан Назарбаев Қоры алдағы оқу жылына арналған республикалық студенттік стипендиялар конкурсын жариялады!


26.06.2020 Все объявления


Нұрсұлтан Назарбаев Қоры алдағы оқу жылына арналған республикалық студенттік стипендиялар конкурсын жариялады!

Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің, сондай-ақ өнер және мәдениет бағыты бойынша Қазақстан Республикасының арнайы орта білім беру ұйымдарының студенттері шақырылады.

Қор стипендиясы оқуда, спортта және еліміздің қоғамдық өмірінде өз жетістіктерін дәлелдеудің тамаша мүмкіндігі. «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» беделді атағына оқу орнының, қаланың және республиканың қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысатын, академиялық үлгерімінің ең жоғары көрсеткіштері бар, кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтаған студенттер үміткер бола алады.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жоғары оқу орны стипендия алуға ұсыну үшін үздік студенттерді іріктейді. Екінші кезеңге қатысу құжаттары 2020 жылдың 5 қыркүйегінен қабылданады. Екінші кезеңді  Қор барлық номинанттар арасында өткізеді, онда конкурстық комиссия жоба жеңімпаздарын анықтайды.

Стипендия тағайындау ережесі, конкурсқа арналған құжаттар тізімі және іріктеу критерийлері fpp.kz порталындағы «Байқаулар» бөлімінде жарияланған.

Еліміздің ең ауқымды студенттік байқауына қатысып, жеңімпаз атан!