Докторантураға түсу кезінде не білуіңіз керек

Докторантураға түсу емтиханы:

  1. сұқбаттасу
  2. эссе
  3. докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (аналитикалық ой, критикалық ой)
  4. білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан.

Қорытынды баға сұқбаттасу, эссе, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерінің қосындысынан тұрады.

 

Тест түрлері

Балл

Сұқбаттасу 20

Эссе

10

Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

30

Білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан сұрақтары

40

Барлығы

100