Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты іс жүзінде кез келген саладағы сұранысы бар мамандарды дайындайды. Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының құрамына үш ірі кафедра кіреді – "Автоматтандыру және басқару", "IT-инженерия" және «Киберқауіпсіздік».

Біздің түлектер тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде жұмысқа орналасады. Біздің елімізде олар:

  • банктерде және әртүрлі деңгейдегі басқа қаржы құрылымдарында;
  • it-технологияларды, автоматтандырылған және роботтандырылған процестерді пайдаланатын отандық және шетелдік компаниялардың түрлі бөлімдері мен әртүрлі лауазымдарында (басшылықты қоса алғанда);
  • мемлекеттік мекемелерде - министрлік, облыстық және басқа басқармаларда, құқық қорғау органдарында (ІІМ, ҰҚК, салық және қаржы полициясы) және басқа құрылымдарда;
  • отын-энергетикалық кешен, байланыс, машина жасау кәсіпорындарында және өнеркәсіп өндірісінің басқа салаларында сұранысқа ие.

Ғұмарбектің Дәукеева атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты Сізге сапалы білім береді және адам қызметінің кез келген саласында өзін көрсетуге мүмкіндік береді. IT технологиялары, ақпараттық қауіпсіздік және автоматтандырусыз қазіргі әлемді елестету мүмкін емес!



Институт директоры
Федоренко Игорь Анатольевич


ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ

Автоматтандыру және басқару кафедрасы (бұрын "Инженерлік кибернетика" деп аталған) берілген бағыт бойынша 35 жылдан астам, 1988 жылдан бері, мамандарды дайындап келеді. Профессор-оқытушылар құрамының жоғары біліктілігінің және оқу процесінің сапалы ұйымдастырылуының дәлелі ¬ қазіргі уақытта кафедрада біздің түлектеріміздің інілері мен қарындастары ғана емес, сондай-ақ, 90- жылдары автоматтандыру бағыты бойынша бітірушілердің балаларының оқуы.

Кафедра IT-инженерия, дербес құрылым ретінде 2009 жылы құрылған. Бастапқы атауы – "Компьютерлік технологиялар". Кафедраның алдында тұрған міндеттерге байланысты атауы өзгергенмен, есептеу техникасы, бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелер саласындағы мамандарды даярлауға талапшыл және кәсіби көзқарас өзгеріссіз қалды.

Уақыт талабына сәйкес, 2014 жылы "Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі" кафедрасы құрылды. Ол ¬ Қазақстандағы осы білім беру бағыты бойынша алғашқылардың бірі болды. Бүгінде бұл – "Киберқауіпсіздік" кафедрасы. Есептеу, өңдеу мен деректерді жіберуге байланысты адам қызметінің кез-келген саласындағы ақпаратты қорғау қажеттілігі ¬ маңызды міндет болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздік мамандарына деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының басты игілігі ¬ бірегей профессорлық-оқытушылық құрам болып табылады, онда беделді ғалымдар, ірі кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесі мол тәжірибе мамандары және дарынды жастар, докторантура мен магистратура түлектері, бір-бірін үйлесімді толықтырған.

Институттың кафедраларында автоматтандыру, есептеу техникасы және IT-технологиялар саласындағы мойындалған әлемдік көшбасшылары Apple, National Instruments, Siemens, Schneider Electric, ABB, Honeywell, Festo, Cisco, Huawei, т.б. жабдықтарымен жабдықталған 27 оқу-зерттеу орталықтары мен зертханалары бар. Институттың іскер серіктестерімен берік байланыстары ¬ Қазақстан мен одан тыс жерлерде кең қолданыс тапқан заманауи жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету негізіндегі сапалы оқу процесін және өндірістік практикадан өтуді ұйымдастыруға етуге мүмкіндік беріп отыр.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерге, магистранттарға және докторанттарға Германия, Польша, Словакия, Италия, Болгария, Түркия, Португалия, Малайзия, Испания, Жапония, Франция университеттерінде және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға және тағылымдама өтуге мүмкіндік бар.

"Автоматтандыру және басқару", "Киберқауіпсіздік" және "IT-инженерия" кафедралары жұмысының маңызды бағыты компаниялармен, түрлі құрылымдармен және өндіріспен қарым-қатынас орнату болып табылады, нәтижесінде біздің білім алушылар практика мен тағылымдама өтіп, кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты табысты болашақты құру үшін Сіздің сенімді іргетасыңыз болуға дайын. Сіздерді Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде күтеміз.

Институтпен байланысу үшін байланыс ақпараты:

Теледефоны: 323 11 75, ішкі. нөмірі: 5001, 5003, 5005

E-mail: isuit@aues.kz

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылдайды және дайындық жүргізеді:

1. Бакалавриат:

2. Магистратура (ғылыми-педагогикалық және бейіндік):

3. Докторантура:



Институт келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдайды және дайындайды:

Ақпараттық жүйелер Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Computer science Автоматтандыру және басқару

 Модульдік анықтама(жүктеу)

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі Бағдарламалық инженерия Қаржы құрылымдарының ақпараттық қауіпсіздігі Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар Бизнес-процестерді автоматтандыру және басқару


Мамандарды дайындау келесі кафедралар негізінде жүргізіледі:

IT инженерия кафедрасы Киберқауіпсіздік кафедрасы Автоматтандыру және басқару кафедрасы


СЕРІКТЕС КОМПАНИЯЛАР ЖӘНЕ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН КОМПАНИЯЛАР