Құрметті студенттер! Оқу ақысын кейінге қалдыру туралы ақпарат

Құрметті студенттер! Оқу ақысын кейінге қалдыру туралы ақпарат

27.03.2020 Барлық жаңалықтар


Құрметті студенттер! 

ТЖ режимі қарсаңында білім алушылар мен олардың ата-аналарының көпшілігі кіріс көзінен қол үзіп қалды немесе айтарлықтай азаю орын алып отыр 

Осыған байланысты Ректорат оқу ақысын 5 мамырға дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Білім алушы төлем мерзімін ұзарту үшін Ректордың атына өтінішті ТЖ кезінде білім алушының және/немесе ата-анасының табысының азайғаны немесе одан айырылғанын растайтын фото немесе сканы қоса берілген және себебі көрсетілген  құжаттарымен бірге call-center@aues.kz электрондық поштаға жіберу қажет, институтты міндетті түрде жазыңыз. 

Біз жағдайдың барлық күрделілігін түсінеміз, бірақ сонымен бірге сабақтар кесте бойынша онлайн режимде өтетінін ұмытпауыңызды сұраймыз, ал мәжбүрлі карантин – демалыс емес, тек оқу форматының ауысуы. 

Сіздерге денсаулық  және шыдамдылық тілейміз. 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, call-center@aues.kz пошталық мекенжайына жазуыңызды сұраймыз.  

Ректорат