Оқуға арналған топ-10 кітап

Оқуға арналған топ-10 кітап

01.04.2020 Барлық жаңалықтар


Қымбатты студенттер!

Өздеріңіз бен отбасыларыңыз үйде және амандықта деген үміттемін.

Өткен жолы Сіздерге жолдаған «Қазіргі уақыт – оқуға зейін қойып,  өз білімдеріңізді жетілдіру үшін берілген тамаша  мүмкіндік» деген үндеуімді әрі қарай жалғастыра отырып, Сіздерге кітап оқу да өз-өзіңізді дамытуға зор үлесін қосады дегім келеді.

Қазір теледидарда да, БАҚ-та да, желілерде де жағымсыз ақпараттың үлкен ағыны жүріп жатқаны құпия емес. Және осы жағдайларға байланысты барлық жаңалықтар мен топтарды қарауға, барлығына уақытында жауап беруге, пост салуға, өз түсіндірмемді жазып және лүпіл қалдыруға тырысып бағудамын, десек те сайып келгенде құлазып қалатын кездерім де жиі болып тұрады.

Дәл осындай жағдайлардан біршама уақытқа болсын ойымызды бөлу үшін кітап оқуды ұсынамын. Кітап оқу арқылы жағымды ойлар мен сезімге бөленіп, әрі білімнің нәрімен сусындап отырғандай сезінесің. Сондай-ақ, ғажайып әлемнің парақтарын ашу арқылы керемет кейіпкерлермен, қоғамның ақылды тұлғаларымен танысудың өзі бір ғанибет сезім емес пе?..  Осы ретте, «Кітап – қызығы бітпес қоғам» дегім келеді.

Осы себепті де Сіздерге өзімнің Үздік-10 сүйікті көркем шығармаларымның тізімін ұсынбақпын (өкінішке орай, бұл кітаптардың қазақ тіліне аудармалары бар ма, нақты айталмаймын):

1. Кішкентай ханзада (Маленький принц). Антуан де Сент-Экзюпери.

2. Триумфальная арка. Эрих Мария Ремарк.

3. Қан мен тер. Әбдіжәміл Нұрпейісов. (менің ұлымда жеке автордың қолтаңбасы қойылған кітәбі бар!).

4. Өлі жандар (Мертвые души). Николай Гоголь.

5. Элджернонға арналған гүлдер (Цветы для Элджернона). ДаниелКиз.

6. 12 орындық (12 стульев). Ильф және Петров.

7. Мал ауласы (Скотный двор). Джордж Оруэлл.

8. Жүз жыл жалғыздық (Сто лет одиночества). Габриэль Гарсиа Маркес.

9. Құдіретті комедия (Божественная комедия). Данте.

10. Өзгеру (Превращение). Франц Кафка.

Әрине, Ремарк, Толстой, Чехов, Бальзак, Стендаль, Куприн, Чеховтың барлық шығармаларын, тіпті бүкіл классиканы бұл тізімге қоссақ та артық емес.

Сонымен қатар маған Олжас Сүлейменовтің шығармалары өте қатты ұнайды. Шыңғыс Айтматовты да сүйіп оқимын, әсіресе оның «Қош бол, Гүлсары!» және «Алғашқы ұстаз» шығармаларын ерекше атап өткім келеді.  Абайдын «Қара сөздері»  қолдан түсірмейтін кітабым, себебі әрқашанда жұмыс үстелімнен кетпейді.

Карантин кезінде менің отбасымда бұрыннан келе жатқан дәстүрін қайта дамытттық, яғни бәріміз кешкі отбасылық кітап оқу. Қазір Гогольдің «Өлі жандар» туындысын қайта оқу үстіндеміз. Өте қызықты: мазмұны, кейіпкерлері...

Қазір оқып жатқандарымнан Стивен Хокинг, Леонард Млодинов сияқты тұлғалардың «Высший замысел» шығармасын, Митио Какудың «Будущее разума» туындысын ұсынамын. Менің ойымша, Сіздер техникалық бағытты ұстанғандықтан, осы сияқты шығармалар сіздердің жүректеріңізге жол табуы мүмкін.

Сонымен қатар, Джон Перкинстің «Исповедь экономического убийцы» атты шығармасын оқу өміріңізде өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын (автордың мен үшін бір данасына жеке қолтаңбасын қойғанын мақтанышпен айтқым келеді).

Кез келген шығарманы оқу барысында оның мазмұнды желісіне мән беріп, асықпай, түсініп оқуға кеңес берер едім. Өзіңізді қызықтырған туындыларды таңдап, жүрекпен оқып, ләззатына бөленулеріңізге тілектеспін!


Ізгі тілекпен,

ректор Сауле Сагинтаева