Ректормен қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша студенттік белсенділердің онлайн конференциясы

Ректормен қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша студенттік белсенділердің онлайн конференциясы

05.04.2020 Барлық жаңалықтар


4 сәуірде Zoom платформасында қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша студенттік белсенділердің онлайн конференциясы өтті.

Қашықтықтан білім алуға көшкен үш аптаның ішінде студенттерде де, оқытушыларда да көптеген сұрақтар туындады. Бұл конференция осындай форматта кездесу өткізудің бірінші кезеңінің қорытынды штрихі болды. 26 наурыздан бастап университет жатақханаларында қалған студенттермен, оқытушылар және эдвайзер-тәлімгерлермен, институт дирекцияларымен осындай бес кездесу өткізілді. Бұл кездесулер барысында студенттер мен әріптестерде түсіндіруді талап ететін көптеген сауалдардың туындағаны анықталды.

Сол себепті де 4 сәуірде өткен конференцияға АЭжБУ ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева өзі қатысты. Осындай форматта кездесу өткізуді ұсынған 50 студент-белсенділер қатарына АҚ проректоры С.В. Коньшин, ТЖ проректоры С.К. Махмутов, ЖСД директоры З.А.Абдуллина, ТЖБ бастығы Ә.Н.Нұржан, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі департамент қызметкерлері қосылды.

Конференция opentalk форматында өтті, әңгімелесу тең дәрежеде болды. Пікірлестердің жанды диалогы орын алды. АЭжБУ-дың өз тарихында еліміздің барлық техникалық жоғары оқу орындарына қойған сапалы білім алу, студенттер мен оқытушылардың қажеттіліктеріне қамқорлық таныту және сұраныстарына назар аудару сияқты басты жоғары планканың сақталуына бірдей мүдделі кездесу қатысушылары көптеген мәселелерді талқылады.

Студенттерді толғандырған ең маңызды сұрақтар: пәндерді оқыту, аралық бақылау, сессия, Жазғы семестр, практика, әскери кафедра, академиялық ұтқырлық және т. б. қаралды.

Жеке блокта қашықтықтан оқытуды техникалық қамтамасыз ету және студенттер ғана емес, сонымен қатар оқытушылар да шеше алмай жүрген мәселелер талқыланды.

Белсенділер, ТЖ режиміне тікелей қатысы жоқ мәселелерді де қозғады. Олар басшылыққа түрлі сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіріп,  жатақханаларды жөндеу, университетте коворкинг орталығын құру, асханалардың жұмысы, басып шығару және тағы басқа мәселелер жөнінде ұсыныстар берді. Ең бастысы, өзара түсіністік орын алды!

Кездесудің өте қызықты болғаны соншалық 2 сессияны 40 минуттан өткізуге тура келді, оның өзі қатысушылардың ойынша жеткіліксіз болғандай.  Осындай конференциялар тек университет басшылығымен ғана емес, сонымен қатар институт директорларымен, кафедра меңгерушілерімен тұрақты түрде өткізілетін болады деген шешім қабылданды. Бұл кездесулерге студенттер, оқытушылар және қызметкерлер қатыса алады. Біздің университетте басшылықтың студенттік белсенділермен кездесуінің елеулі тәжірибесі жинақталған, өйткені олар 20 жылдан астам уақыт бойы жылына екі рет өткізіп келеді. Алайда, үйреншікті формат жойылды, ал бүгінгі жағдай оларды жиі өткізіп тұру керектігін көрсетті.

Талқылауды қорытындылай келе, Сауле Саветовна барлық қиындықтарды БІРГЕ жеңе алатынымызға сенім білдірді. Біздің студенттер  үлкен әлеуетке ие болғандықтан көп нәрсеге қабілетті. Студенттердің кәсіподақ комитеті Тәрбие жұмысы бөлімімен бірге кездесуге дайындық бойынша үлкен жұмыстар жүргізді. Өйткені, әр тақырып жан-жақты талқылану үшін сұрақтар жинау, жекелеген кейстер қалыптастыру жеткіліксіз, сонымен қатар университеттің студенттік жастары атынан өкілдік ететін адамдарды таңдау да үлкен еңбек екендігін атап өтті. Соңында ректор барлығына оқуда және қоғамдық жұмыста сәттілік тіледі!

Кездесуде көтерілген мәселелер, әсіресе, алынған жауаптар АЭжБУ-ға қатысы бар әр тұлға үшін қызықты деп ойлаймыз. Zoom платформасындағы конференция форматы оған көп адамдардың  қатысуына мүмкіндік бермейді, сол себепті дүйсенбі, 6 сәуір күні сағат 12.30-да АЭжБУ ректоры Сауле Саветовна Сагинтаеваның Инстаграмдағы @aues_university бетінде сөйлеген сөзін тікелей трансляциялауға шақырамыз.

#БІЗ БІРГЕМІЗ!