Жанды әңгіме

Жанды әңгіме

08.04.2020 Барлық жаңалықтар


Жанды әңгіме

6 сәуір күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту форматындағы студенттері мен оқытушылары біздің Instagram-дағы @aues_university ресми парақшамызда тікелей эфирде университет ректоры Сауле Саветовна Сагинтаеваға сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

Тікелей эфирде Сауле Саветовнадан басқа Академиялық қызмет жөніндегі проректор Сергей Владимирович Коньшин де болды. Онлайн режимде трансляцияға университеттің 800-ден астам студенттері мен оқытушылары қосылып, белсенді түрде қатысты. Кездесу бір сағатқа жуық уақытқа созылды, барлық ниет білдіруші қатысушылар комментарийге өз сұрақтарын қоя алды. Сауле Саветовнаға арналған сұрақтардың көпшілігі университеттің қашықтықтан оқыту түріне көшуіне қатысты болды және ол аралық аптасына, сессияға, каникулға, практикаға, дипломдық жұмыстарды қорғауға және олардың мерзіміне қалай әсер ететіндігіне бағытталды. Жатақханада тұратын студенттерді жатақхананың техникалық жағдайы, жөндеу мерзімі мен көлемі және т. б. мәселелер қызықтырды.

Бүгінгі технологиялардың арқасында тікелей эфир біздің барлық жазылушыларымыздың көңілінен шықты. Қойылған сұрақтардың бірде-бірі жауапсыз қалмады. Қатысушылардың көпшілігі ЖОО-ның бірінші басшысымен осындай «кездесулердің»  жиі болып тұруын сұрады, себебі мұндай формат қарым-қатынастың жеңілдігімен және қарапайымдылығымен ерекшеленеді, мұнда официоз бен өз сұрағын дыбыстау үшін ұялшақтық жоқ.

Ректор университетте call-орталығының белсенді жұмыс істеп жатқанын жән оған барлық қалаушылар жүгіне алатынын еске салды. Карантин және төтенше жағдай режимі жағдайында біздің өмірімізде ілесе жүретін психологиялық және эмоциялық жүктемелерді ескере отырып, университеттің психологиялық қызметі де сондай жұмыс форматына ауыстырылды.

Университет сайтында психологпен байланысуға болатын байланыстар орналасқан. Біздің Instagram-дағы топтарымызда сұрақтар қою, кеңес алу, онлайн трансляция барысында өмірді ұйымдастыру және стрестен құтылу әдістемелерін үйрену мүмкіндігі бар.

Кездесуді өткізудің мұндай форматы алғаш рет ұйымдастырылды,  өзінің өзектілігі мен қажеттілігін айқын көрсете отырып, әдетте акт залында өткізілген кездесулермен салыстырғанда, бұл жолғы кездесу қатысушылардың көп санын қамти отырып жүргізілді.  

Кездесу нәтижесі бойынша  университет басшылығымен ғана емес, институт директорларымен де онлайн эфир және конференциялар өткізу туралы шешім қабылданды. Барлық жаңалықтар легінен хабардар болыңыз!

Кездесу жазбасымен @aues_university инстаграм парақшамыздың IG TV бөлімінде таныса аласыздар, ал call-орталыққа және басқа арналарға студенттер мен оқытушылардан түскен сұрақтардың жауаптары өңдеуден кейін жарияланады.