АЭжБУ жас талантты оқытушыларды жұмысқа шақырады!

АЭжБУ жас талантты оқытушыларды жұмысқа шақырады!

23.06.2020 Барлық жаңалықтар


"Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы 050013, Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 126/1, Қызметкерлерді басқару бөлімі, каб. А-232, Тел.: +7 727 323 1175 (ішкі 6111, 6112) 2020 жылдың 10 шілдесінен бастап оқытушы-профессорлар құрамының бос орындарына конкурс (онлайн) жариялайды.

Кафедра

Ассоциациялық  профессор (доцент)

(ғылыми дәрежесімен)

Аға оқытушы (ғылыми дәрежесімен)
Электр станциялары және электр энергетика жүйелері    2
Электр машиналары және электр жетегі   2
Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері   2
Тіл білімі (ағылшын тілі секциясы) 3 4
Тіл білімі (орыс тілі секциясы) 2 2
Ғарыштық инженерия (+ физика)   3
Математика және математикалық үлгілеу 1 1
Автоматтандыру және басқару    2
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері   1
IT - инжиниринг   2
Әлеуметтік пәндер   1
Электр техникасы   1
Менеджмент және кәсіпкерлік   1
Телекоммуникациялық жүйелер және желілер   2
Электроника және робототехника   1
Жылу энергетикалық қондырғылар   1
Өнеркәсіптік жылу технологиялар   2
Инженерлік экология  және еңбек қауіпсіздігі   1
Жалақы 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап (кемі) теңге  270 000 250 000

Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші тұлғалар ректор С С. Сагинтаеваның атына aues@aues.kz электрондық поштасына (конкурсқа деген белгімен) 2020 жылдың 5 шілдесі, сағат 18-00 дейін онлайн өтініш (еркін түрде сканерленген) береді.

Өтінішке бір электрондық хатта негізгі сканерленген немесе сапалы суретке түсірілген төмендегі құжаттар қоса беріледі:

1)  өтініш (университет ректорының атына беріледі, қолы қойылып, жазылған күні көрсетіліп, атқаратын қызметі мен үміткер лауазымы, ұялы телефоны, туған күні, білімі, ғылыми дәрежесі және диссертацияны қорғау жылы, ғылыми атағы және оның берілген жылы, ҚР БҒМ БҒСБК жіктеуіші бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандығының атауы мен шифрі көрсетіле отырып, өз қолымен, анық ресімделеді);

2)  Өмірбаян (WORD файлымен болады);

3) жоғары білімі, академиялық дәрежесі, ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері (мамандықтың атауы, қорғау күні және диссертация тақырыбы көрсетілген диссертация авторефераттарының беттерін ұсынумен), ғылыми (академиялық) атағы туралы құжат;

4) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);

5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);

6) алдыңғы жұмыс берушіден ұсынымдар;    

7) ОПҚ бос лауазымдарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша оқылатын пән мазмұнының жобасын немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға ғылыми-зерттеу жұмысының жобасын таныстыру (PPT немесе PDF файлымен, көлемі 10 слайдтан аспайтын);

АЭжБУ-де жұмыс істемейтін және сәйкесінше АЭжБУ-ға ҚР "Білім туралы" Заңының 51-бабының 1-тармағына сәйкес анықтама ұсынбаған тұлғалар қосымша:

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086 нысан бойынша медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (немесе PDF файл egov.kz);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) (бұдан әрі - № 272 бұйрық) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы (немесе PDF egov.kz);

11) №272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе PDF файл egov.kz).

Сондай-ақ өтінім беруші конкурстық комиссияның қарауына ұсыну қажет деп санайтын қосымша құжаттарды немесе өзге де мәліметтерді ұсынуы мүмкін. Құжаттардың түпнұсқалары келісім-шартты ресімдеу кезінде конкурстан өткеннен кейін ұсынылады.

Тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсыну еркін нысанда бас тарту үшін негіз болып табылады.