AUES FEST зияткерлік фестивалінің қорытындылары шығарылды

AUES FEST зияткерлік фестивалінің қорытындылары шығарылды

01.07.2020 Барлық жаңалықтар


Еліміздің ең үздік техникалық университеті - Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті 2020 жылдың 6-20 маусымы аралығында алғаш рет онлайн форматта «AUES FEST» зияткерлік фестивалін өткізді.

Фестиваль 10-12 сынып оқушылары мен колледж түлектеріне бағытталған және бакалавриат бағдарламасы бойынша бір жылға 100%, 50%, 25% және 10% жеңілдік ұтып алуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар фестивальдің келесі кезеңдерінен өтті:

- Онлайн тіркеу

- Бейне-эссе

- Логикалық ойлауды тексеру

- Жалпы білім беретін пәндер бойынша тестілеу

АЭжБУ ректоры С. С. Сагинтаеваның төрағалық етуімен қазылар алқасының құрамы AUES FEST зияткерлік фестивалінің қорытындысын шығарды, қорытындылар АҚ жөніндегі проректор С.В. Коньшин, ЖСД директоры    З.А. Абдуллинаның, МД директоры А.Д. Қасенованың,  ТЖБ бастығы А.Н. Нұржан мен Студенттер КК төрағасы М. Әмірханның қатысуымен өткен конференцияда табысталды: 

1-орын: 100%  жеңілдік - Темирлан Кенесович Казиев

2-орын: 50% жеңілдік - Әзімәли Серікқалиұлы Меирман

3-орын: 25% жеңілдік - Айбар Кошенұлы Орынбасаров

 

200-ден астам балл жинаған барлық қатысушылар бірінші оқу жылына 10% жеңілдік сертификаттарын  алады.