АЭжБУ ``Жас энергетик`` жазғы мектебі

Алматы энергетика және байланыс университетінің Жылу энергетика және жылу техника институты Сіздерді жазғы мектепте оқуға шақырады.

Жазғы мектептегі сабақтарды Қазақстанның жетекші мамандары мен энергетиктері бір немесе екі апта бойы өткізеді.

«Жас энергетик» жазғы мектебінің бағдарламасы

Мектеп тыңдаушыларына Алматы қаласының орталығындағы «Есентай молл» іскерлік орталығының жанында орналасқан университет жатақханасында тұру ұсынылады. Жазғы мектептің әртүрлі бағыттарынан зерттелетін модульдерді таңдау мүмкіндігі үлкен артықшылық болып табылады. Тыңдаушылар АЭжБУ кітапханасын, компьютерлік орталықты, спорт залдарын және алаңдарды пайдалана алады. Қарқынды оқытудан басқа, АЭжБУ «Жас энергетик» ЖМ студенттерге «Көк-Төбе», «Медеу», «Шымбұлақ» тарихи-мәдени және «АлЭС» кәсіби экскурсиялары және т.б. ұйымдастырады, барлық курстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі және тыңдаушылардан дәрістер мен оқу мәтіндерін қабылдау дағдыларын талап етеді.


Қатысу құны - 14 000 тг (басқа қалалықтарға - 37 000 тг)

+7 778 485 08 38 / +7 771 852 16 74 / +7 (727) 292 53 54

gulliverik@mail.ru - Бергенжанова Гулим Рысказыевна