StartUp проект TechnoCamp

Конкурс келесі үш кезеңен тұрады:
    Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер ұйымдастыру комитетіне электронды түрде (Қосымша №1) жобаның электронды мекен-жайына өтінім жолдаулары қажет. Өтінімге келесі құжаттарды қоса беру керек:
  1. Бизнес идеяның сипаттамасы, ұзақтығы 1 минут;
  2. Түйіндемені, қаржылық, маркетингтік бөліктерді қамтитын бизнес жоспар.

Бұдан әрі қатысушылар техникалық талаптарға сәйкес біліктілік іріктеуінен өтеді. Комиссия құрамына ZHERSU және АЭжБУ өкілдері кіреді. 1-турға өткен қатысушылар Алматы облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылына бизнес жаттықтырушылармен 10 күндік дайындық және өз жобасын қорғау үшін шақырылатын болады.

Жартылай финал. Жартылай финал Алматы облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылындағы жазғы лагерьде өтеді. Жартылай финалистер бизнес-тренерлер және бизнесмендер жүргізетін тренингтер сериясынан өтеді. Тренинг аяқталғаннан кейін қазылар алқасы мүшелеріне (бизнес-тренерлерге) арналған барлық жобалардың тұсаукесері өтеді, оның нәтижелері бойынша финалистердің 10 командасы іріктеледі.
Финал. Финал Алматы облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылындағы жазғы лагерьде өтеді. Жобаның тұсаукесері 15 слайдтан аспауы тиіс, сөз сөйлеудің жалпы уақыты 10 минуттан аспауы тиіс. Қазылар алқасының сұрақтарына 5 минут беріледі. Сөз сөйлеу регламенті 15 минут. Байқаудың Бизнес-жаттықтырушылары 1 жыл бойы ментор, тәлімгер рөлінде финалистермен байланыс жасайды. Қажет болған жағдайда финал қосымша өткізілуі немесе ұйымдастыру комитетінің қарауына байланысты ұзартылуы мүмкін.

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ - 2018 жылдың 16 мамыры мен 26 шілдесі аралығында

БАС ЖҮЛДЕ - 1 000 000 теңге

ТАЛАПТАР-18 жастан 29 жасқа дейін

ӨТЕТІН ОРНЫ - Алматы облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылы

Олимпиаданы ұйымдастыру:
  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті, конкурстық комиссия және қазылар алқасы құрылады;
  2. Ұйымдастыру комитеті, Конкурс комиссиясы АЭжБУ және ZHERSU өкілдерінен құрылады;
  3. Ұйымдастыру комитетінің қызметтері:
    • • конкурсты өткізу мерзімін анықтау;
    • • конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің кандидатураларын бекіту;
    • • конкурстың қазылар алқасының құрамын қалыптастыру;
    • • конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін дайындық іс-шараларын өткізу;
    • • қазылар алқасының, конкурстық комиссияның қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
    • • конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды және қарауды ұйымдастыру;
    • • конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау;
    • • конкурс нәтижелері туралы ақпаратты орналастыруды жүзеге асыру;
    • • конкурсқа қатысушыларды тарту.
  4. Қазылар алқасының қызметтері:
  5. Финал мен жартылай финалға барлық қазылар алқасы қол қояды және хаттамаланады, қол қойылған хаттама байқаудың Ұйымдастыру комитетіне ұсынылады.
Негізгі талаптар мен шарттар:
Қабылдаушы тарап келесілерді қамтамасыз етеді:
Бизнес-жаттықтырушылар:

UP Consulting LLP басқарушы серіктесі - бизнес-жаттықтырушы, Қаржыны басқару және инвестиция тарту саласындағы бизнес-кеңесші. Тек Практикалық оқыту әдістерін жақтаушы. «Адамдарға қаржылық сауатты болуға және бұл білімді өз компанияларында қолдануға көмектесемін. Қаржыны бір ретке келтіруге, бизнесті неғұрлым тиімді етуге және қолда бар және жаңадан бастаған жобаларға қаржыландыруды жақсартуға көмектесемін», -дейді Асхат Ибрагимов. Қаржыда 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар: қаржылық сарапшыдан бастап қаржы директорына дейін. 2011 жылы қаржы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды. Келесі жақсартулар бойынша жобаларға басшылық жасады: Тұрмыстық техниканың ірі ритейлерінде ERP-жүйесін енгізу; Шағын қаржы холдингінде бюджеттеу жүйесін енгізу және қолдау; «Жетілдіруді іздеуде» — жүйелік және басқарылатын өңірлік дистрибьюторлық компанияны жасады; Кинотеатрлар желісінде қазынашылық басқаруды енгізу; ARTA Synergy базасында электронды құжат айналымы және нәтижелерді бақылау жүйесін енгізу.


Пак Элла - бизнес-жаттықтырушы, маркетингтік зерттеулер, маркетингті басқару, нарықты талдау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу саласындағы бизнес-кеңесші. Практикалық тәжірибенің басым бөлігін консалтингтік компаниядағы жұмыстың арқасында алды, теориялық база оқытушылық қызмет есебінен алынды. Маркетинг бойынша MSc, Халықаралық бизнес университеті «Менеджмент және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы. Жаңа өнімді әзірлеудегі сарапшы (талдау және маркетингтік сараптама). Маркетинг, сату, маркетингтік зерттеулер саласында 15-тен астам жоба іске асырды. Бизнес мектепте маркетингті басқару және маркетингтік зерттеулер бойынша пәндерді оқыды. «Бизнес жүргізу тәжірибесі» авторлық курсы әзірленді, 1-2 бөлім бизнес мамандықтарға арналған.


Алижан Тулембаев - PhD, бизнес-жаттықтырушы, жобаларды басқару бойынша PhD консультант. Кәсіпорындарды дамыту бойынша бизнес-кеңесші, бизнес-жаттықтырушы UP Consulting аға серіктесі, «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығындағы инновациялар жөніндегі директор, Маркетинг, стратегия, сату, сондай-ақ бизнес-жоспарлар саласында 20-дан астам консалтингтік жобаны іске асырды. Маркетинг, жобаларды басқару және т. б. бойынша 40-тан астам тренинг өткізді.