Құжаттарды тапсыру

Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсетін тұлғалар 25.06.2021 жылдан бастап кәсіби диагностикадан өту және конкурсқа қатысу үшін білім басқармасының ақпараттық жүйесінде (АЖ) тіркеледіhttps://gz.bilimalmaty.kz/ , онда білім туралы аттесататтың ЖСН және аттестаттың (куәлігі) сканерленген нұсқасы  көрсетіледі. Тексеру нәтижесінде ұсыну сипатындағы мамандықтар бойынша ұсыныстар беріледі.

ТжКБ (колледж) мамандықтары бойынша білім грантын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінім беру бойынша нұсқаулық https://youtu.be/eIAdroWvgXc

Өтініш берушінің орташа балы қарастырылады.

Оқуға түсу туралы толық ақпарат Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ колледжінің сайтында.

Күндізгі бөлім

Оқу мерзімі:

- 3 ж 10 ай (9-шы сыныптан кейін)

- 2 ж 10 ай  (11-ші сыныптан кейін)

 2021 жылы АЭжБУ колледжіне бөлінген гранттар  

Мамандық атауы  Біліктілік коды  Біліктілік атауы  9 сынып негізінде 
Қазақ тілі (оқыту тілі) Орыс тілі  (оқыту тілі)

7140200 Өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша)

4S07140201 Техник-электроншы  25  
7130300 Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары 4S07130303 Техник-жылу энергетигі   25
7130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша) 4S07130103 Техник-электрші  25  
7140900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 4S07140906 Техник-радиотехник   25

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМДЕРІ:

Конкурсқа:

9-сынып негізінде – 25.06.-18.08.21 жыл.

11 – сынып негізінде – 25.06.-20.08.21 жыл.

Толық оқу ақысына: (құжаттар АЖ-да тіркеусіз колледжге тікелей тапсырылады).

Күндізгі оқу бөлімі – 25.06.-25.08.21 жыл.

Сырттай оқу бөлімі – 25.06-20.09.21 жыл.

Колледжде оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ

АЭжБУ-ға қысқартылған ++ бағдарламалары бойынша оқуға түседі. Оқу мерзімі – 2 жыл.

Толық ақылы негізде оқыған жағдайда төлемге 10% жеңілдік беріледі.

Колледж білім алушыларының оқу құны

Оқу мерзімі – 2 жыл.

Оқуға түсуге арналған құжаттар тізімі

1.  Негізгі орта білім туралы куәлік (9-сыныптан кейін) немесе жалпы орта білім туралы куәлік (11-сыныптан кейін) түпнұсқа және көшірме.

2.  Фото (көлемі 3х4) – 6 дана.

3.  Денсаулық төлқұжаты немесе 063 үлгідегі анықтама

4.  086-У үлгісіндегі медициналық анықтама

5.  Флюорография суреті (түпнұсқа)

6.  Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме)

7. 16 жастан асқан жасөспірімдер үшін тіркеу куәлігі.