Аккредитация и рейтинг

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-де кадрлар даярлау 05.05.2020 жылғы №KZ80LAA00018161 білім беру қызметімен айналысуға арналған мерзімсіз мемлекеттік лицензияға сәйкес жүзеге асырылады.

Университет аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде (IAAR) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті

IAAR - білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жетекші халықаралық аккредиттеу агенттігі (2011 жылы құрылған)

IAAR EQAR еуропалық сапаны қамтамасыз ету тізіліміне кіреді және ENQA еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету қауымдастығының толық мүшесі болып табылады.

(EQAR-дағы NAAR/IAAR профилі https://www.eqar.eu/register/agencies/agency/?id=30)

IAAR қызметі ESG еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде және WFME дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясында сапаны қамтамасыз ету стандарттарына сәйкес келеді.

 


АЭжБУ және білім беру бағдарламаларының рейтингі

Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылы Қазақстанның үздік ЖОО ұлттық (бас) рейтингі жасалды. Ол академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, сарапшылардың бағалауы және жұмыс берушілерден сауалнама жүргізу негізінде құрылған.

Институционалдық рейтингті есептеу әдіснамасы үш құрамдас бөлікке негізделеді: бірінші бөлік (сауалнама №1) – бұл жоғары оқу орнының академиялық ресурстарының сапасын бағалау, оған жалпы балл санының 70% бөлінеді; Екінші бөлік (сауалнама №2) – бұл жоғары оқу орындары қызметінің сапасын сараптамалық бағалау (15%); үшінші бөлік (сауалнама №3) - жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдарға әлеуметтік сауалнама жүргізу негізінде жоғары оқу орындарының қызметін бағалау (15%).

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дің білім беру қызметімен айналысу лицензиясы