Университеттің студенттік өмірі




Мұнда студенттік жылдарыңды өткізе отырып, келесілерді түсінесін:
- АЭжБУ – бұл  АЛМАТЫ драйвы: қиын да қимас студенттік өмір;
- АЭжБУ – бұл сенен барлық жан ЭНЕРГЕТИКАсын талап ететін қызықты ЖӘНЕ таңқалдырар қызықты білім ордасы;
- АЭжБУ – бұл ешқашан БАЙЛАНЫС үзбейтін достар табу мүмкіндігі;
- АЭжБУ – бұл  еліміздің үздік техникалық УНИВЕРСИТЕТІ ;
- АЭжБУ – бұл жүрегіңде МӘҢГІ қалатын оқу орны;
 

Неліктен біз студенттік өмірді дамытамыз?

Оқумен шығармашылықты,  ғылымды, спортты, еріктілікті біріктіруге, өзін-өзі тануға мүмкіндік береді, жұмыстық белсенділікті арттырады, өз уақытынды тиімді жоспарлауды үйретеді, ой өрісін кеңейтеді. ЖОО оқудан тыс өміріне қатысу қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге, командада жұмыс істеуге, ұжымды басқаруға бағыттайды, ол өз күшіне сенімділікті арттырады және болашақ жетістіктерге жетуге кепілдік етеді. Қоғамдық жұмысқа шындап кірісу өмірлік қызмет жолыңыз болуы мүмкін. Көптеген шоумендер, музыканттар, спортшылар өзінің шығармашылық тәжірибесін студенттік секцияларға және үйірмелерге қатысу арқылы шындаған.

«Ғибрат» – бұл ана тілімізді және қазақи құндылықтарымызды сақтай отырып, заманауи бағытта дамуды қолға алған бірегей ұйым. Ұйым құрамында қазақтың қара домбырасының құлағында ойнайтын «Домбырашылар» ұжымы, мың бұралған бишілерден құралған «Freestyle» би ансамблі, сондай-ақ көңілді тапқыр жастардың басын қосқан «Ғибрат» жайдарман тобы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастыру арқылы жастарды патриоттық сезімге, ұлттық қасиеттерді сақтауға және адал достыққа тәрбиелейді. Сіздерді біздің ортада болуға шақырамыз! Саналы, тәрбиелі, патриот жастардың іргетасын бірге қалайық!

Ұлағат ұжымы университет қабырғасында 2008 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ұжымның жалпы, мақсаты ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық мәдениетіміз бен қазақы құндылығымызды, төл тарихымыз бен дара тұлғаларымызды бүгінгі жаҺандану заманына сай дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын берік ұстану. Осы мақсат аясында, университет қабырғасында патриоттық кештер, белгілі бір тұлғаға арнау ретінде конференция, поэзия кештері ұйымдастырылады. «Ұлағат» - үлкен отбасы. Қазіргі таңда ұжымды әр өңірден жиналған, сан алуан мамандықта білім алып жатқан, бірақ мақсаты мен мүддесі бір 80-ге тарта студенттер құрайды.

"ССС" (Children Charity Club) – басты мақсаты балалар үйінде тұратын балаларға, университет студенттеріне және қиын жағдайға тап болған қарапайым адамдарға көмек көрсету болып табылады. CCC еріктілері апта сайын балалар үйлеріне барады, балалардың бос уақытын ұйымдастырады, спорттық жарыстар, жәрмеңкелер және басқа да көптеген іс-шаралар өткізеді, қажетті киім, құрал-жабдықтар, ойыншықтар, билеттер және т.б. сатып алады.

Energo DC - это организация, объединяющая студентов с целью развития навыков публичного выступления, аргументации и критического мышления через участие в дебатах, дискуссиях и других формах общения. В рамках клуба студенты активно участвуют в дискуссиях по различным актуальным темам, обсуждают проблемы общества и ищут аргументированные решения.

Enactus ENERGO - «Enactus KAZAKHSTAN» жаһандық ұйымының бір бөлігі болып табылады. Бұл адамның өмірін кәсіпкерлік әрекеттер арқылы жақсартуды көздейтін халықаралық ұйым. Мұнда студенттер көшбасшылық дағдыларды дамытады, ұжымда жұмыс істей алады, тәжірибеде теориялық білімді қолданады, студенттерге нарықтық экономиканың негіздерін үйретеді.

Seds.Energo  (Students for the Exploration and Development of Space at Energo University) - международная студенческая организация, занимающаяся научно-технической деятельностью и развитием SpaceTech индустрии Казахстана. Подробная информация: Основанная в MIT в 1980 г., целью организации является продвижение космических исследований, разработка научных проектов и популяризация космоса. По всему миру насчитывается более 10,000+ участников. В Казахстане организация существует в 3 университетах: Nazarbayev University, Energo University, AITU. Миссия организации: Cтать катализатором инновационных решений, выпустить 150 лучших инженеров, создать ведущее предприятие космической индустрии Казахстана. Глобальная цель: Повышение мирового статуса Казахстана в космической гонке.

Ұйымдастыру секторында біріккен студенттер институттан бастап қалалық, республикалық және халықаралық деңгейге дейін түрлі деңгейдегі іс-шараларды дайындаумен айналысады. Бұл секторда жұмыс істеукомандада жұмыс істеудің орасан зор тәжірибесін, басқарушылық қызмет дағдыларын алудың, жеке тұлға ретінде танылудың, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерді дамытудың, сондай-ақ жай ғана қарым-қатынас жасауды және дос болуды үйренудің тамаша мүмкіндігі.

UNIX - бұл музыкалық клуб. «UNIX» атауы бірегей сөзден шыққан.  Клубтың миссиясы  музыкалық өнердің құралдары мен мүмкіндіктері арқылы студенттердің музыкалық, аспаптық және әлеуеттік қабілеттерін дамыту.  Біздің клубтың мақсаты студенттерді классикалық және заманауи музыкалық мәдениеттің құндылықтарымен таныстыру және дамыту.  Біздің клубтың негізгі міндеті студенттерге музыкалық қабілеттерін дамытуға, сахнадан қорқуды жеңуге көмектесу.  Музыкалық қабілеттерді, талғамды, мұраттарды дамыту мен қалыптастыруға бағытталған музыкалық білім, білік пен дағдыларды игеру, адамды практикалық музыкалық және эстетикалық іс-әрекеттерге шабыттандырады.

Студенттік жатақхана кеңесі  - бұл жатақханада тұратын студенттердің өзін-өзі басқару органы. Оны студенттердің өздері тәрбие, мәдени-бұқаралық, спорттық жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ  тәртіпті сақтау,тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін жасайды. Студенттер кеңесі оқытушылармен, ғалымдармен және әдебиет, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, би кештерін, тақырыптық кештер, спорттық жарыстар, дөңгелек үстелдер өткізеді.

Mars - организация, сфокусированная на организации и проведении спортивных турниров, соревнований и мероприятий для студентов. Клуб создан с целью содействия развитию физической активности, спортивных навыков и здорового образа жизни среди участников.

StudiA315 – бұл студенттік топ кез келген идеяға шығармашылық тәсіл тауып, әдемі, жарқын, есте қаларлық бейне арқылы жүзеге асырады. Топ мүшелері университеттегі қызықты, үлгілі, нұсқаулық, кейде ойланарлық сәттерді бейнекөріністерінде және әлеуметтік желілерде көрсетеді. Тек бір бейненің көрсетілім рекорды 200 мыңнан асады. 

АЭжБУ КТК (орыс лигасы) – бұл ішкі ашық студенттік лига, университет студенттерінің шығармашылық қасиетін дамытады, жас таланттарды анықтап,қолдау көрсетеді, Алматы энергетика және байланыс университеті студенттері арасында КТК ойындарын насихаттайды. Бұл алаңда университетіміздің топтары, басқа университеттерден келген қонақ – топтарда алдын ала дайындап келген қойылымдарымен белгіленген тақырыптардағы суырып-салмалық қасиеттерде бәсекеге түсіп, шеберліктерін сыңайды.

«Жайдарман АУЭС» - Қазақ КВН Одағы «Жайдарман» ойындарына негізделген ішкі ашық студенттік лигасында әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық әзілдерді ұштастыра білген, өзгелерге көтеріңкі көңіл-күй мен сапалы әзіл сыйлауға дайын тұратын жайдарлы жастар жиналған. Лига ішінде бір-бірімен бәсекеге түсіп, сахнада шыңдалып өз өнерлерін көрстетін командалар өте көп, алайда кейбір командаларымыз университет қабырғасымен ғана шектеліп қоймай, қалалық, тіпті республикалық лигаларда да өз өнерін көрсетеді. 

АУЭС пікірсайыс клубы (орыс лигасы) - университетте студенттер арасында шешендік шеберлік, логикалық, сыни ойлау және көшбасшылық дағдыларын дамытуды жүзеге асыратын клуб. Клубтың мақсаттары: қоғамда әлеуметтік-саяси бағыттағы азаматтарды қалыптастыру; сыни ойлауды, сөйлеу дағдыларын, клуб мүшелерінің коммуникативтік дағдыларын дамыту; қоғамның назарын ең өзекті мәселелерге аудару; практикада талқыланатын мәселелері бойынша ықтималды шешімдер табу болып табылады; Қазақстан және халықаралық пікір-сайыс қозғалысының дамыту мен нығайту.

Whymper Team - это молодежный клуб, собравший активных студентов, стремящихся обмениваться мотивацией и любовью к природе своего города. Целью нашего клуба является расширение кругозора, раскрепощение участников и проведение приятного и полезного времени на свежем воздухе. Мы поощряем активный образ жизни, организуя разнообразные мероприятия и экскурсии, направленные на знакомство с окружающей природой, спортивными видами деятельности и социальными инициативами. Участие в наших мероприятиях помогает студентам не только насладиться активным отдыхом, но и развить навыки командной работы, лидерства и саморазвития.

ADC - бұл университетіміздің шығармашылық студенттік ұжымдардың бірі, би өнерінің дәстүрі мен бағыттарын насихаттау және студенттердің шығармашылық дамуына жағдай жасау мақсатында құрылған. Егер сен би өнері мен ырғақты түсінсең, біздің қатарға қосыл!

Қазақтың ұлттық спорт ойындарының барлығы дерлік, оның ішінде әсіресе, осы көкпар тарту ойыны өскелең өркен, жас ұрпақтың бойында КҮШТІЛІК, ЕПТІЛІК, НАМЫСШЫЛДЫҚ, ОТАНСҮЙГІШТІК, ТАБАНДЫЛЫҚ және СЕНІМДІЛІК сияқты асыл қасиеттерді дамытатыны сөзсіз. Оның ішінде КӨКПАР ойыны ең КӨНЕ, ең БАТЫЛ және ең ҚЫЗЫҚТЫ ұлттық спорт түрі болып саналады. Сондықтан да еліміздің 5 жетекші жоғары оқу орны Ұлттық Жастар Көкпар Лигасын ұйымдастырып, өздерінің жеке топтарын құрды - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Қазақ ұлттық аграрлық университеті. Қазақ Спорт және туризм академиясы. Алматы Энергетика және байланыс университеті

E.C.S.T. (Energo Cyber ​​​​Security Team) - киберқауіпсіздік саласына қызығушылық танытатын студенттерді біріктіретін қауымдастық. Біз біліммен алмасу, тәжірибелік сабақтар өткізу, жарыстарға қатысу және киберқауіптерден қорғау саласындағы дағдыларды дамыту үшін бірегей кеңістік жасаймыз. Біздің мақсатымыз – болашақ мамандардың дамуына кәсіби жағдай жасау.

ICEBERG – зымыран техникасы, авиация немесе ұшқышсыз көліктер сияқты дәстүрлі салаларға қарағанда, биология, ауылшаруашылық инженерия, Интернет заттары және ұқсас салаларға бағытталған жобаларға қызығушылық танытқан студенттерді құптайтын білім беру және зерттеу платформасы.