Алматы энергетика және байланыс университеті 1997 жылы 10 қаңтарда 1975-1997 жылдар аралығында жұмыс істеген Алматы энергетикалық институтының (АЭИ) негізінде құрылды. Бұл коммерциялық емес ұйым мәртебесі бар алғашқы мемлекеттік емес техникалық университет. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. 2013 жылы әзірге екі мамандық бойынша ағылшын тілінде оқыту басталды: «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және «Электр энергетикасы». 1989 жылы Алматы энергетикалық институты Қазақстанда бірінші және Кеңес Одағындағы санаулылардың бірі болып КСРО Мемлекеттік білім беру мемлекеттік инспекциясының комиссиясымен аттестатталды. АЭИ-да мамандар даярлаудың жоғары деңгейі ресми түрде одақтық деңгейде танылды, бұл сөзсіз студенттер, оқытушылар ұжымы мен институт басшылығының табысы болып табылады. «ЭТ ОҒК» 1997 жылдың мамыр айында коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесі бар Алматы энергетика және байланыс институты болып қайта құрылды. Жаңа институттың ректоры болып Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеев сайланды. 2010 жылдың шілде айынан бастап Алматы энергетика және байланыс институты магистранттар мен PhD докторанттарын даярлау құқығымен университет мәртебесін және «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) жаңа атауын алды.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті — энергетика, телекоммуникация, IT-технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, ғарыштық инженерия, робототехника және жасанды интеллект салаларында кадрлар даярлауды жүзеге асыратын Орталық Азиядағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі.
1960
Алғаш рет Қазақстанда инженер-энергетиктерді дайындау Қазақ политехникалық институты базасында басталды
1961
ҚазПТИ Энергетика факультеті ашылды
1975
ҚазПТИ Энергетика факультеті дербес ЖОО – Алматы энергетика институты (АЭИ) болып бөлінді
1988
Институт толық есепке алуға және өзін-өзі қаржыландыруға көшті
1997
"АЭжБУ" КеАҚ тұңғыш ректоры техника ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор Ғұмарбек Жүсүпбекович Дәукеев
1997
Мәскеу энергетикалық институтымен бірыңғай оқу процесін жүргізу туралы келісімге қол қойылды
1999
Қазақстанда алғаш рет «Электрлік кешендер мен жүйелер» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес ашылды
1999
AUES Мәскеу байланыс және информатика техникалық университетімен Қазақстан Республикасының байланыс саласы үшін мамандар даярлау бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды
2001
АЭжБУ-де CISCO аймақтық желілік академиясының ашылуы туралы шартқа қол қойылды
2001
АЭжБУ мен Тәжікстан Республикасының Байланыс министрлігі арасында байланыс саласы үшін мамандар даярлау және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
2002
Университет кітапханасы Кітапханалар Ақпараттық Консорциумға кірді
2002
«Экология» және «Еңбекті қорғау» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес ашылды.
2002
АЭжБУ мен Ташкент мемлекеттік техникалық университеті арасында Абу Райхан Беруни ғалымдарға бірлескен зерттеулер жүргізуге көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды
2003
«Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес ашылды
2007
Microsoft IT академиясының ашылуы
2008
АУЭС TEMPUS «Энергетика және тұрақты даму саласындағы инженерлер мен экономистерге арналған магистрлік бағдарламалар» жобасының мүшесі болды
2008
Мәскеу Энергетикалық Институтымен АЭжБУ студенттері үшін қашықтықтан оқыту мен екінші экономикалық білім беруді бірлесіп ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды
2009
Түлектер қауымдастығы құрылды, оны Қамқоршылар кеңесі басқарады
2010
«Алматы энергетика және байланыс институты» университет мәртебесін алды
2016
Қазақстанда алғаш ЗD принтинг және робототехника» мектебі ашылды
2017
АЭжБУ колледжі құрылды
2019
Университет аты "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс Университеті" КеАҚ болып ауысты
2019
Huawei АКТ Академиясы ашылды
2019
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ – «Болашақ энергиясы» USAID бағдарламасы аясындағы өңірлік орталық
2019
2019 жылы жарияланған U-Multirank шығарылымында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ «Жұмыс ортасымен ынтымақтастық» параметрі бойынша әлемнің жетекші 25 университетінің қатарына кірді.
2019
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 2019 жылы жарияланған U-Multirank халықаралық рейтингісіне сәйкес Қазақстанның үздік 3 университетінің қатарына енді
2019
Dr.Web кафедрааралық оқу зертханасының салтанатты ашылуы
2019
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Дүниежүзілік банк грантын жеңіп алды
2020
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Қазақстан Республикасының ҮЗДІК-20 жоғары оқу орындарының қатарына енді
2020
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде 6-орынға ие болды
2020
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-де «SpaCE» жаңа ғылыми-зерттеу орталығы ашылды
2020
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-де өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша Schneider Electric құзыреттер орталығы ашылды
2021
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-де Омар Тұрғанбек атындағы «Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері» ғылыми-техникалық орталығының жанынан «Сымсыз желілердің қауіпсіздігі және криптожүйелер құру» оқу-ғылыми зертханасы ашылды
2021
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Анхальт қолданбалы ғылымдар университетімен бірлесіп, «Индустрия 4.0 жүйелік инженерия» атты жаңа пәнаралық білім беру бағдарламасын іске қосты
2021
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-де PROLAB жаңа мамандықтар зертханасы ашылды