• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Университеттің инфрақұрылымы

Ғимараттар
Университеттің бір-біріне жақын орналасқан үш ғимараты бар. Ғимараттар «А ғимараты» (оңтүстік жағындағы), «Б ғимараты» (солтүстік жағындағы) және «С ғимараты» («А» мен «Б» ғимараттарының арасындағы) деп аталады. 2010 жылы салынған «С» ғимаратының атауы «АЭжБУ» КеАҚ тұңғыш ректоры Ғ.Ж. Дәукеевтің құрметіне «Д ғимараты» деп өзгертілген. Ыңғайлылық үшін ғимараттарды өзара байланыстыратын өткелдер бар. Сонымен қатар 1200 адамға арналған 3 жатақхана бар.
Зертханалық кабинеттер
Барлық кафедралар мен зертханалар заманауи оқу-зертханалық қондырғылармен, компьютерлік және кеңсе техникасымен жабдықталған.
Кітапхана
Бүгінде ғылыми кітапхана абонементтер мен оқу залдарының тармақты желісінен тұрады. Кітапхана қорында бес тілде 689 840 б.б. бар, құрамы бойынша шетелде және ТМД елдеріннен алынған жан-жақты, дегенмен техникалық бейін бойынша басылымдар басым болып келеді. Оқу қоры 539 911, ғылыми қор 137 814, көркем қор 12 415 б.б. тұрады. 250-ден астам қазақстандық және ресейлік мерзімді басылымдарға жазылған.
Спорт кешені
Университеттің спорт базасы 5 жабық залды қамтиды. «А» оқу ғимаратында 54 м2 аэробика залы, 72 м2 атлетизм залы, 72 м2 күрес залы, 112 м2 воллейбол және баскетбол залы, 280 м2 тенис залы, ерлер мен әйелдерге арналған душ бөлмелері мен шешінетін бөлмелер орналасқан. Университет аумағында футбол, волейбол, баскетбол ашық спорт алаңы, спорт алаңы айналасында жүгіретін жол бар.
Акт залы
«Д» оқу ғимаратында 350 адамға арналған акт залы бар.
АЭжБУ-дің студенттер жатақханасы
АЭжБУ жатақханалары Алматы қаласының орталығында орналасқан. Басқа қаладан келген студенттер төрт жатақхананың бірінен орын ала алады.Төрт студенттер жатақханасында барлығы 1589 орын бар.1-курс студенттерінің ыңғайлылығы және бейімделуі үшін 1-курс студенттері жеке жатақханаға орналастырылады. Магистранттар да жеке жатақханада тұрады. Оқу ғимараттары мен 4 жатақхана университет аумағында орналасқан. Университетте 3 асхана мен 2 буфет бар, соның ішінде №3 жатақханадағы буфет.Медициналық пункттер Шашкин көшесі, 14а мекенжайы бойынша орналасқан №2б жатақханада және Байтұрсынов көшесі, 124Б мекенжайы бойынша орналасқан Ғ.Дәукеев атындағы «Д» оқу ғимаратында орналасқан.