• г. Алматы, Байтурсынулы, 126/1
  • 8(727) 292 03 03
  • ПН-ПТ: 9:00-18:00

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Түлекке берілетін академиялық дәрежесі «5В100200-Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы бойынша әскери іс және қауіпсіздік бакалавры».
Ақпаратты қорғау бойынша мамандар ақпарат қорғау жүйесін құруға тікелей қатысады, оның аудиті мен бақылауын жүргізеді, ақпараттық қауіп-қатерлерді талдайды, оларды болдырмау бойынша шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
Оқытудың негізгі бағыттары:
  1. компьютерлік желілердің қауіпсіздігі;
  2. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің бағдарламалық және аппараттық қорғауы;
  3. ақпараттарды техникалық арналардан жария болудан қорғау;
  4. ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау;
  5. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін басқару;
  6. ақпараттық қауіпсіздікті басқару;
  7. C ++, Java, Python, PHP, MsSQLServer және т.б. тілдерде бағдарламалау;
  8. ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық және отандық стандарттар.
Қызмет саласы:
маңызды ақпаратпен жұмыс істейтін адам қызметінің барлық салаларында ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастырушылық, аппараттық және бағдарламалық әдістерін және құралдарын әзірлейтін, іске асыратын және пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.
«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының  артықшылықтары:
  1. Ақпараттық технологиялардың адам өмірінің, қоғамның кез-келген саласында қарқынды өсуіне байланысты ақпарат қауіпсіздігінің мамандарына сұраныс жылдан-жылға еселеп артып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 3000-нан астам ақпараттық қауіпсіздік мамандары жетіспейді. Осыған орай ҚРБжҒМ білім гранттарының санын 2017 жылмен салыстырғанда 5 есеге жуық көбейтіп, 500 грант бөліп отыр.
  2. Ақпараттық қауіпсіздік қызметкері коммерциялық және ведомстволық құрылымның ажырамас бөлігі болып табылады.
  3. Ақпараттық қауіпсіздік қызметкерлері құқықтық деңгейден ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерге, соның ішінде жоғары деңгейлі тілдерде бағдарламалау дағдыларына ие, кең ауқымды білімге ие.
Мамандықтың ерекшеліктері:
Ақпараттық қауіпсіздік маманы кешенді ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді, қолданыстағы қауіпсіздік жүйесін тексереді, ақпараттық қауіп-қатерлерді талдайды жəне осыған сәйкес компаниядағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын əзірлейді жəне жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша маманның міндеттері ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тұрақты мониторингін және оны қорғаудың техникалық құралдарын қолдауды қамтиды.
Міндетті пәндер:
  1. Кәсіби-бағытталған қазақ, орыс, ағылшын тілдері;
  2. Математика;
  3. Дискретті математика;
  4. Физика;
  5. Философия;
  6. Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы;
  7. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде);
  8. Операциялық жүйенің қауіпсіздігі;
  9. Ақпаратты қорғаудың ақпараттық негіздері;
  10. Компьютерлік ақпаратты қорғау технологиялары;
  11. Ақпараттық қауіпсіздіктің негіздері;
  12. Криптографиялық әдістер мен ақпаратты қорғау құралдары;
  13. Жүйелер мен желілерді қорғау және басқару;
  14. Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету;
  15. Ақпараттық қауіпсіздік құралдарын стандарттау және сертификаттау және т.б.
Таңдамалы пәндер:
  1. Цифрлық схемотехника;
  2. Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері;
  3. Компьютерлік жүйелердің сәулеті;
  4. Жүйелік бағдарламалау;
  5. Дерекқор жүйелерінің негіздері;
  6. Интернет-технологияларының қауіпсіздігі;
  7. Электрондық төлемдер (Интернет-банкинг) қауіпсіздігі;
  8. Мобильді құрылғылардың қауіпсіздігі;
  9. Сымсыз желілерде ақпараттық қауіпсіздік технологиялары;
  10. Инфокоммуникациялық желілерде рұқсатсыз қол жеткізу және жария болу арналарынан қорғау;
  11. Ақпараттық жүйелерді басқару.
Мамандықтың студенттері келесі білімдерді алады:  
  1. заманауи ақпараттық технологиялар, оған қоса мобильді технологиялар;
  2. ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету әдістері мен құралдары туралы;
  3. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін құру және қорғау туралы;
  4. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін басқару туралы;
  5. ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау туралы;
  6. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің бағдарламалық және аппараттық қорғауы.
Оқу әдістемесі:
оқу үрдісінде электронды оқулықтар, бейнематериалдар, виртуалды зертханалар, қашықтықтан оқыту платформасы, инновациялық оқыту технологияларын пайдаланылады. Студенттердің оқу процесіне қатысуы үшін семинарлар, конференциялар өткізіледі, онда студенттер өз білімдерін іс жүзінде жүзеге асырады. Жобалық қызмет және ашық сөйлеуге дайындық жүргізіледі, бұл студентке өз білімдеріне сүйене отырып, кәсіптік саладағы мәселелерді өз бетінше ойлауға, табуға және шешуге мүмкіндік береді.
Материалдық-техникалық базасы:
«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша оқитын студенттер заман талабына сай қажетті стендтермен, өлшеу құралдары мен заманауи компьютерлермен жабдықталған төмендегі зертханалар мен компьютерлік кластарда сабақ өтеді:
  1. «Радиомонтаждау» тәжірибелік зертханасы (корпус Б, аудитория 121);
  2. «Ақпарат қорғаудың аппараттық құралдары» зертханасы (корпус Б, аудитория 127);
  3. «Антенна-фидерлік құрылғылар және радио толқындардың тарату» зертханасы (корпус Б, аудитория 203);
  4. «Инфокоммуникациялық технологиялар және байланыс жүйесі» зертханасы (корпус Б, аудитория 412);
  5. «Компьютерлік және инфокоммуникациялық қауіпсіздік» зертханасы (корпус Б, аудитория 414);
  6. «Ақпараттық қауіпсіздіктің техникалық құралдары» зертханасы (корпус Б, аудитория 420);
  7. «Желілік технологиялар» зертханасы (корпус Б, аудитория 426).
  8. CISCO лабораториясы
  9. 2018 жылы «Антивирус Касперского», «Oracle» компанияларының оқу лабораториялары, сонымен бірге кафедра жанынан жаңа «Киберщит» лабораториясы мен «Киберқауіпсіздік технологиялары» ғылыми-зерттеу лабораториясы ашылу жоспарланған.

Келесі компанияларда тәжірибе өтеді:

АО «Казтелепорт», ТОО «Первое кредитное бюро», «Центр анализа и расследования кибератак» (ЦАРКА), ТОО «Азимут», ТОО Три А (видеонаблюдение, системы охранной и пожарной сигнализации), ТОО «Эгида» (видеонаблюдение, системы охранной и пожарной сигнализации), АО СОП «Кузет 1952» (видеонаблюдение, системы охранной и пожарной сигнализации), ТОО «Центр охранного мониторинга», ТОО «Abris Distribution – Kazakhstan (Абрис Дистрибьюшн – Казахстан)», АО «Центр космической связи», АО «Национальный центр информатизации», Fortinet Inc, Palo Alto Networks Inc, СКТБ «Гранит», ТОО «Алси», ТОО «Icore-Integration», ТОО «Пацифика», Национальный университет обороны им. Первого Президента РК –Лидера Наций, Ереванский Научно-исследовательский институт средств связи, ТОО «КазИнжЭлектроникс», АО «АлмаТВ».
 

 

Түлектер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:

-ақпараттық қауіпсіздік бойынша иженер-маман;
-ақпараттық қауіпсіздік аудиторы;
-ERP- және Web-бағдарламалаушы;
-интернет-жоба менеджері;
-дерекқор және сайт әкімшісі;
-жүйелік администратор;
-Java, Python, C#, PHP және т.б. бағдарламашы;
-Контент менеджері;
-Техникалық жазушы;
-радиомонтажншы және т.б.

 

Түлектер қызмет атқаратын орындар:

Мемлекеттік органдар, ҚР ІІМ, ҚР ҚМ, ҚР ҰҚК бөлімшелері, Eurasian Bank, Halykbank, RG Brands, TNS Central Asia, Home Credit Bank, Bank Centrcredit, Nurbank, Сбербанк, Rfz Minerals, RG Brands, Қазақстан қор биржасы, Мед. орталық «Авиценна», АО «Казахтелеком», Ұлттық тестлеу орталығы, ЖОО және колледждер.

 

 

 

Танымал (белгілі) түлектер.

2011 жылы «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша бірінші курс студенттері қабылданды. 2015-2017 жылдары 105 маман шығарылды. Олардың 80% -ы мамандық бойынша жұмыс істейді.